Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1823851
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоған: Біздің әскер шекарада қателіктерге жол бермеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған шекара желісінде әскери тәртіпті тексерген Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акармен телефон арқылы сөйлесті. Қауіпсіздік күштеріне үн қатқан Ердоған «Армия осы уақытқа дейін шекара бойынша қателікке жол берген жоқ» деді.

Ватан газеті «Түркия Швейцариядағы шабуылды айыптады» атты хабар  жариялаған. Хабарға қарағанда Швейцарияның Базель қаласында кеше ұйымдастырылған 23 сәуір халықаралық балалар мерекесін тойлау кезінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK жақтастары түрік азаматтарына шабуылдады. Шабуыл қатаң түрде айыпталған Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде «Бір террор ұйымы мен оның жақтаушыларының Еуропаның қақ ортасындағы бір бала мерекесін нысанаға алатындай азғындауы халықаралық қоғамға террор ұйымның жауыздығын тағы бір рет көрсетті» делінді.

Стар газеті «Түркия ЕО мүшесі болғанда, бұл соғыстың алдын алар еді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрінің орынбасары және Еуроодақ (ЕО) жұмыстарына жауапты елші Фарук Каймакджы Түркияның ЕО мүшелігінің үшінші елдер үшін де үлкен жетістік екенін мәлімдеді. Каймакджы «Түркия ЕО мүшесі болғанда, бұл соғыстың алдын алар еді. Өйткені батыс үшін басты мәселе – бас тартқызу» деді.

Йени Шафак газеті «Еуропалықтар Таяу Шығыстан гөрі Түркияны жақсы көреді» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Стамбул Сауда палатасы (ITO) төрағасы Шекиб Авдагич өндіріс пен тапсырыстар тұрғысынан Түркияға деген қызығушылықтың ковидтен кейін де жалғасқанын білдірді. Таяу Шығыста әсіресе Қытайда коронавирус оқиғаларының қайтадан арта түскенін еске салған Авдагич «Осы себепті еуропалықтар тапсырыстарын Түркия сияқты кепілдендірілген нарықтармен жалғастыруда. Түркия баға, сапа және жеткізу бойынша өте жақсы мүмкіншіліктерге ие» деді.

Хабер түрік газеті «Ауыл шаруашылығы экспорты алғашқы 4 айда 24 пайызға өсті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның ауыл шаруашылығы экспорты жылдың алғашқы 4 айында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 24 пайыз артып, 11 миллиард 127 миллион долларға көтерілді. Елдің ауыл шаруашылығы экспорты сәуір айында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 17,6 пайыз артып, 2 миллиард 765 миллион долларға ұласты.



Ұқсас жаңалықтар