Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1807991
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті Зеленскийдің түрік баспасөзіне мәлімдемесіне орын берген.  Украина президенті Владимир Зеленский «Хабер Түрік» газетіне мәлімдеме жасады. Ол орыс әскерлерінің бас қала Киевтен шығарылғанын айтып, Ресейдің Украинаны басып алу әрекетіне үлес қосқан баршаның соғыс қылмыскері екенін атап көрсетті.  «Біз Türkiye-нің толық қолдауына сенеміз» деді ол.

Стар газеті Türkiye-нің мәлімдемесіне орын берген.  Сыртқы істер министрлігі «Украинаның бас қаласы Киев маңындағы Буча және Ирпин аймақтарынан баспасөзге шыққан қырғын көріністері адам баласының жанын түршіктіреді. Жазықсыз бейбіт халықтың нысанаға алынуы ешқашан қабылданбайды, жауаптылары есеп беруі керек» деп мәлімдеді.

Хүрриет газеті «Мариупольден эвакуацияда Türkiye формуласы» деген хабар жариялаған. Орыс шабуылында жермен-жексен болған, гуманитарлық дағдарыс басталған Украинаның Мариуполь қаласынан 80 мың азаматтың эвакуациясы үшін Türkiye-нің операциясына әрі Украина, әрі Ресей жылы қарайды. Құтқару операциясы теңіз жолы арқылы жүзеге асырылады.

Сабах газеті «АҚШ-пен қатынастарда жаңа кезең» деген хабар жариялаған.  Türkiye мен Америка Құрама Штаттары арасында экономикалық, әскери және саяси тақырыптарда ынтымақтастық кезеңі басталды.  Türkiye- АҚШ Стратегиялық механизмі шеңберінде бас қала Анкараға келген АҚШ Сыртқы істер министрлігі кеңесшісі Виктория Нуланд «мықты ортақтықты» баса айтты. Екі ел арасында 100 миллиард долларлық сауда айналымы мақсат етілген болатын.

Ватан газеті «Отандық тікұшақ Atak-та жаңа жетістік» деген хабарға орын берген.  Отандық және ұлттық мүмкіндіктермен өндірілген шабуылдаушы тікұшақ Atak шетелге тапсырылды.  Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы басшысы Исмаил Демир Twitter әлеуметтік желісінен мәлімдеме жасап, «Қорғаныс өнеркәсібіміздің мақтанышты күндерінің бірі. Atak тікұшағын шетелде бірінші рет Филиппинге тапсырдық» деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар