Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1806677
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Песков Ресей мемлекеттік теледидарында Ердоғанды мақтады» атты хабарға орын берді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей мемлекеттік теледидарына берген сұхбатында Ресей-Украина соғысында Türkiye-нің орнына тоқталып «Türkiye өз мүдделеріне қарай әрекет жасауда» деп көрсетті. Песков «Заманауи саяси әлемде Ердоған сынды тұлға өте аз» деді.

Сабах газеті «Түрік бригадасы. Алғашқы экспорт қақпасы ашылды» атты хабар жариялаған. Авиация электроника өнеркәсібі (HAVELSAN) бригадасы және арнайы жасақтар тарапынан қолданылған Хезарфен парашют симуляторының алғаш экспортының Малайзияға жасалуы үшін қол қойылды. Малайзия Türkiye-ден 6 симулятор сатып алады.

Стар газеті «Ирак Türkiye-ден электр қуатын импорт етеді» атты хабарға орын берген. Ирактың Электр энергетикасы министрі болып қызмет ететін Әділ Керим елдегі электр қуатының созылмалы үзілу мәселесін шешу үшін жақын арада Türkiye-ден 500 мегаватт электр қуатын алатындарын айтты.

Ватан газеті «Türkiye-ге келген турист саны артты» деген хабар жариялаған.  Мәдениет және туризм министрлігі тарапынан жарияланған санақтарға қарағанда Türkiye-ге келген турист саны өткен жылмен салыстырғанда 186,52 пайыз артты. Ең көп туристті күтіп алған провинциялар ішінде Стамбул бірінші орынды алса, Эдирне екінші орынды иеледі.

Хабер Түрік газеті «Керем Камал мен Мұрат Фырат алтын медаль жеңіп алды» атты хабарға орын берген. Венгрия бас қаласы Будапештте болып өткен Еуропа күрес чемпионатында грек-рим стильде 60 келіде Керем Камал, грек-рим стильде 67 келіде болса Мұрат Фырат алтын медальды қоржынына салды.

 



Ұқсас жаңалықтар