Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1805636
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоған Зеленскиймен сөйлесті» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефонда сөйлесті. Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде телефондағы әңгімеде Ресей-Украина делегациялары арасында сейсенбі күні Стамбулда өткізілген келіссөз жиналысы талқыланғаны білдірілді. Ердоған Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей президенті Владимир Путиннің басын қосу және осы кездесуге Türkiye ретінде үй иесі болу ұсынысын қайталады.

Сабах газеті «Чавушоғлу: Украинаның бітімгерлік ұсынысы жайлы мәлімдеме жасады» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Украинаның Türkiye-ні бітімгер елдер қатарында көргісі келгенін және бұл Ресей тарапынан да қабылданғанын айтты. Чавушоғлу «Ресейдің де қабылдауының себебі басынан бері бұл келіссөз процесінде айтқанымыздай екі елдің де Türkiye-ге сенуі, сондай-ақ Türkiye-ні бейтарап, тепе-тең тұғыр ұстанған және бейбітшілікті қалайтын ел ретінде қарауы» деді.

Йени Шафак газеті «Румыния министрі Türkiye-ні мақтады» атты хабарға орын берген. Румыния премьер-министрінің орынбасары, Қатынас және инфрақұрылым министрі Сорин Гриндяну Türkiye-нің дипломатиялық талпыныстары нәтижесінде Ресей-Украина келіссөз делегацияларының Стамбулда бас қосқанына тоқталды. Гриндяну «Türkiye-нің соңғы күндерде маңымызды болған соғысты доғару үшін жасаған жұмыстарына қатты ризамын» деді.

Ватан газеті «Экспорт санақтары жарияланды» деген хабар жариялаған. Türkiye-нің экспорты ақпан айында өткен жылдың ұқсас айымен салыстырғанда 25.4 пайыз артып, 20 миллиард 4 миллион долларға, импорты 44.5 пайыз артумен 27 миллиард 885 миллион долларға жетті.

Стар газеті «Евин Демирхан Явуз Еуропа чемпионы болды» атты хабарға орын берген. Ұлттық спортшы Евин Демирхан Явуз Венгрияда өткізілген Еуропа Күрес Чемпионатында әйелдер 50 келіде алтын медальді жеңіп алды.



Ұқсас жаңалықтар