Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1804863
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Cтамбулда басылған қадамдар майданда көрініс тапты» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда алдыңғы күні Türkiye-де өткен Ресей-Украина келіссөздерінде оң шешімдер қабылданса, Ресей Украинаның кейбір аймақтарындағы әскери болмысын шығаруға шешім қабылдады. Чернобыльдан әскерін шығарған Мәскеу әкімшілігі бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін Мариуполь қаласында атысты тоқтату жариялады.

Хүррийет газеті «Лавровтың үмітті хабарламасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей-Украина делегациялары арасында Türkiye-дегі келіссөздерді болымды бір жаңалық ретінде бағалағанын айтты. Лавров украиндық келіссөз жүргізушілердің өз елдерінің НАТО шеңберінен тыс және ядролық емес мәртебесін қамтамасыз ету қажеттілігін растауын «маңызды жетістік» деп бағалады.

Стар газеті «Біріккен Ұлттар Ұйымынан Türkiye-ге алғыс» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Türkiye-ге Украина-Ресей соғысында бейбітшілікке жету жолындағы талпыныстары үшін алғысын айтты. БҰҰ Бас хатшысының мәлімдемешісі Стефан Дюжаррик соғыстың аяқталуы үшін жүргізілген келіссөздердің сәтті аяқталатынына үміттенгендерін атап, «Türkiye-ге талпыныстары үшін өте ризамыз» деді.

Ватан газеті «Türkiye-нің A400M флоты толықты» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түрік қарулы күштерінің тактикалық және тасымалдау мүмкіндіктерін арттыратын A400M флоты толықты. Türkiye-нің өндірісінде серіктес болған A400M жобасы аясында шығарылған 10-шы және соңғы әскери жүк ұшағы да инвентарға енді.

Хабер түрік газеті «Таха Акгүл 9-шы рет Еуропа чемпионы атанды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Олимпиада чемпионы ұлттық палуан Таха Акгүл Еуропа чемпионатында медаль қорын жаңасымен толықтырып, Венгрияда 9-шы алтын медальді жеңіп алды. Еуропа күрес чемпионатында 125 келіде боз кілемге шыққан Таха Акгүл қарсыласы грузиялық палуан Гено Петриашвилиді 5-2 есебімен жеңіп, Еуропа чемпионы атанды.



Ұқсас жаңалықтар