Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1804298
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоған: Тез арада бейбітшілік пен бітім орнатылуы керек» деген хабарға орын берген.  президент Режеп Тайып Ердоған Стамбулда өткен Ресей және Украина делегацияларының келіссөз жиналысының ашылуында сөз сөйледі.  Ол «Тез арада бітім мен бейбітшіліктің орнауы баршаға пайдалы болады. енді кедіссөзден нақты нәтиже алатын кезеңге кірдік деп ойлаймын» деді.

Сабах газеті «Ресей және Украина делегациясынан тарихи келіссөзден кейін мәлімдемелер» деген хабар жариялаған.  Стамбулдағы бейбітшік келісөздерінен кейін Украина делегациясы Türkiye-нің да кепілгер ел болуын қалайтындарын айтты.  Елдерінің НАТО-ға қосылмайтынын білдірді.  Орыс делегациясы болса кейбір баптарда келісімге келгендерін атап көрсетті. Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары «Киев пен Чернигов қалаларында операция тоқтатылады» деді.

Хүрриет газеті «Türkiye-ге алғыс айтамыз» деген хабарға орын берген.  Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова Ресей мен Украина арасындағы келіссөзді өткізгені үшін Түркияға алғыс айтып, осы процесте Türkiye-нің басқа елдермен салыстырғанда теңгерімді және тәуелсіз позиция ұстанғанын білдірді.

Йени Шафак газеті «Еуропа емес,  Ердоған атқарды» деген хабар жариялаған.  Долмабахче сарайындағы тарихи келіссөз әлем баспасөзінде кеңінен орын алды. Неміс журналист Wolfram Weimer бітімнің орнауы үшін бейбітшілік келіссөзін Франция президенті, Германия канцлері, Израиль, Швейцария, Папа және БҰҰ, Еуропа Одағы емес, Ердоғанның Стамбулда өткізгенін жазды.  Халықаралық баспасөз болса Ресей мен Украинаның Анкараға сенетінін білдірді.

 Ватан газеті «Türkiye - туризмде әлемде төртінші» деген хабарға орын берген. Анталия Қалалық кеңесі Туризм жұмыс тобы төрағасы Режеп Явуз Әлемдік Туризм ұйымының ресми деректеріне қарағанда, 2021 жылы әлемдегі туризм қозғалысына 421 миллион адамның қатысқанын,  Türkiye-нің 29,9 миллион турист санымен төртінші орында екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар