Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1802956
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ресей-Украина келіссөздері Стамбулда өтеді» деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.  Ердоған телефон әңгімесінде Ресей мен Украина арасындағы бітім мен бейбітшіліктің тез арада орнауының және аймақтағы гуманитарлық жағдайдың жақсартылуы керектігін атап көрсетіп, осы процесте Түркияның барлық үлесті қосуға дайын екенін білдірді. Телефон әңгімесінде келіссөздің Стамбулда өткізілуіне келісті.

Сабах газеті «Түркияның бейбітшілік дипломатиясы әлемге кітап арқылы таныстырылады» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресей мен Украина дағдарысын тоқтату үшін жүргізген дипломатиялық байланыстары кітап болып шығады.  «Түркияның тұрақтылыққа үлесі: Бейбітшілікке бағытталған жан-жақты дипломатия» атты кітаптың алғысөзінде Ердоғанның «Еленбей қалған ең кішкентай проблема үлкен апаттарға жол ашатыны осы процесте тағы бір рет көрінді.  Осы соғыс сонымен бірге қауіпсіздік және тұрақтылықты сақтау үшін қалыптастырылған халықаралық құрылымдардың одан да ықпалды және табанды қадам басуы керектігін дәлелдеді» деген сөздері орын алды.

Стар газеті «Түркиядан одақтастарға жолдау» деген хабарға орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар тарихтағы ең маңызды және табысты одақтастықтың НАТО екенін баршаның білетінін және мықты одақ үшін мықты мүшелер керектігін атап көрсетті. «Алайда соңғы күндері одақтастарымыздың елімізге деген экспорт шектемелері тек Түркияға ғана емес,  НАТО-ға да әсер етеді» деді ол.

Хүрриет газеті түріктің ұшқышсыз әуе көлігі туралы хабарға орын берген.  Түрік ұшқышсыз әуе көліктерін өндіретін «Байкар технология» компаниясының басшысы Селчук Байрактар ресми есебінен мәлімдеме жариялады. «Қызыл алма» әскери ұшқышсыз ұшақ жүйесінің жаңа көріністері де орын алған жазбада Қызыл Алманың қанаттарының тағылғаны көрінді.  Ұлттық әскери ұшақ 2023 жылы ұшу сынағынан өтеді деп жоспарланды.

Йени Шафак газеті «Анадолының тұқым, өсімдік және жануар түрлері сақталады» деген хабар жариялаған.  Егіншілік және орман министрлігі Түркияның биологиялық түрлілігінің қорғалуы үшін жұмыстануда.  Министрлік биологиялық түрлілікті сақтап қалу мақсатында 32 гендік банкте Анадолының тұқым, өсімдік және жануар түрлерін сақтап отыр. Гендік банктерде 318 мың материал орын алады.



Ұқсас жаңалықтар