Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1801256
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Монтре Бұғаздар келісімі табанды түрде атқарылаlы» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығындағы Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жиналысы аяқталды. Жиналыстан кейін жарияланған хаттамада «Қаретеңізде бейб3тшілік және тұрақтылықтың кеп3лі болған Монтре Бұғаздар келісімін Түркия табандылықпен атқарады. Түркияның араағайындық талпыныстары жалғасады» делінді.

Ватан газеті «Украина тақырыбында бір нәрсе жасай алатын ел-Түркия» атты хабар жариялаған. Голландия премьер-министрі Марк Рюттенің 10 жылдан кейін Түркияға сапарлай келуі Голландия баспасөзінде үлкен жаңғырық жаратты. Голландия медиасы Түркияның Украинада жалғасқан соғыстың доғарылуы үшін ойнаған рөліне назар аударды. Газеттер «Түркия Украина тақырыбында бір нәрсе істей алатын жалғыз НАТО елі. Араағайындық рөлі Ердоғанға жарасады» деген сөздер қолданды.

Йени Шафак газеті «Еуропада 5-ші орындамыз» деген хабарға орын берген. Жаңалануға болатын энеhгияда Түркия Еуропада 5-ші, әлемде 12-ші орында. Ал күн энергиясында Еуропада 8-ші, әлемде 16-шы орынды иелейді.

Стар газеті «Еуропа Одағы Түркияға 430 миллион евролық жәрдем беруге дайындалуда» атты хабарға орын берген. Еуропа Одағы Түркиядағы ауылшаруашылық және ауылды жерлерді дамыту бағдарламаларына сай 2027 жылына дейін жиыны 430 миллион евролық көмек береді.

Хүрриет газеті «Түркия EURO 2028-ні ұйымдастыру  үшін үміткер» деген хабар жариялаған. Түркия футбол федерациясы 2028 Еуропа футбол чемпионаты финалдарының ұйымдастырылуы үшін УЕФА-ға ресми үміткерлік өтініш бергенін жариялады.

 



Ұқсас жаңалықтар