Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1799727
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Калын: Бұл соғыста ешкім жеңіске жете алмайды» деген хабар жариялады. Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Ресей мен Украина арасындағы соғысқа байланысты «Бұл соғыста ешкім жеңіске жете алмайды. Әлемнің қырғи қабақ соғысты көтере алатын жағдайы жоқ» деді. Түркияның соғысты доғару үшін талпынғандарын түсіндірген Калын «Біз әрі Ресей, әрі Украина тарапымен қою байланыс жасап, жұмыс істеудеміз» деп көрсетті.

Стар газеті «Италия Түркияның араағайындық жұмыстарына толық қолдау берді» атты хабарға орын берген. Италия Сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майо Ресей-Украина соғысында Түркияның жүргізген араағайындық жұмыстарын толыққанды түрде қолдайтындарын білдірді. Ди Майо Түркияның НАТО одақтасы болумен қатар қазір тараптарды  келіссөздерге отырызуға тырысқан маңызды бір ел екенін түсіндірді.

Хабер Түрік газеті «Тағы 63 зерттермен Түркияға келеді» деген хабарға орын берген. Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Түркия ғылым және технология зерттеу қоғамының зиялы қауымды пайдалану бағдарламалары арқылы 47-сі түрік, тағы 63 зерттерменнің Түркияда жұмыстарын жалғастыратындарын білдірді.

Ватан газеті «Түркияның қорғаныс өнеркәсіп фирмалары Дохада» атты хабар жариялаған. Доха халықаралық теңіз қорғаныс жәрмеңкесі және конференциясы (DIMDEX 2022) кеше Катарда басталды. Түркия жәрмеңкеге 33 фирмамен қатысуда. Жәрмеңкеде 200-ден астам фирманың өнімдері көрсетілуде.

Йени Шафак газеті «Кония 2023 Әлем спорт астанасы болып сайланды» деген хабарға орын берген. Кония Еуропа спорт астаналары және қалалары федерациясы (ACES Europe) тарапынан 2023 Әлем спорт астанасы жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар