Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1799069
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоған НАТО саммитіне қатысады» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Түркия Ресей мен Украина арасында бейбітшілік орнату үшін дипломатиясын арттырды.  Президент Режеп Тайып Ердоған соғыс басталғаннан бергі жағдайды қолға алу мақсатымен 24 наурыз күні Брюссельде өтетін НАТО саммитіне қатысады.

Хүрриет газеті «Чавушоғлу: Тараптар келісуге жақын» деген хабар жариялаған.  ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресей мен Украинаның бітімге бағытталған кейбір нақты тақырыптарда келіссөзді жалғастырғанын білдірді. «Тараптардың негізгі тақырыптарда келісімге жақын екенін көріп отырмыз. Бейбіт халық қырылып жатқанда келісімге келу оңай емес, сонда да бір серпін бар» деді ол.

Йени Шафак газеті «Байрактар үшін жазылған әнді барша шырқап жүр» деген хабарға орын берген.  Орыс армиясына үлкен соққы берген Bayraktar TB2 ұшқышсыз әуе көліктері украиналықтардың «қаһарманына» айналды. Украиналық бір сазгер, отставкадағы әскери Тарас Боровактың Байрактар үшін жазған әні ауыздан ауызға тарап барады.

Стар газеті «Түркиядан тарихи рекорд» деген хабарға орын берген.  Түркия ең үлкен нарығы Германияда экспортта рекорд жаңалауда.  Түркияның Германияға экспорты ақпан айында өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 21,4 пайыз артып, 1 миллиард 644 миллион 24 мың долларды құрады.

Сабах газеті «АҚШ-тың ең беделді сыйлығы түрікке берілді» деген хабар жариялаған.  Америка Құрама Штаттарында атақты пицца компаниясы Champion Pizza-ның қожайыны Хаккы Акдениз елдің ең беделді сыйлықтарының бірі Points of Light жүлдесіне лайықты деп табылды.



Ұқсас жаңалықтар