Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1772062
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған: Ливанның жанында болуды жалғастырамыз» деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Анкараға келген Ливан премьер-министрі Неджиб Микатимен ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.  Ол Түркияның Ливанның жанында болуды жалғастыратынын атап көрсетті. «Өткен жылы сауда көлеміміз 80 пайыз артып, 1,8 миллиард долларды құрады.  Осы көрсеткішті одан әрі арттыру үшін қадамдарды қолға алдық. Бейрут портының жағалануын да қосқанда фирмаларымыз Ливанға инвестиция салуға дайын» деді ол.

Хүрриет газеті Қорғаныс министрі Акар жөнінде бір хабарға орын берген.  Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар кеше Анкарада Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Хасановпен кездесті. Кездесуде екі жақты және аймақтық қорғаныс және қауіпсіздік тақырыптары мен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық тақырыптары қолға алынды.

Стар газеті «Түркиямен қатынастарды ресми түрде одақтастық деңгейге көтерді» деген хабар жариялаған.

Әзербайжан Ұлттық мәжілісі Түркия мен Әзербайжан қарым-қатынастарын ресми түрде одақтастық деңгейіне көтерген Шуша декларациясын қабылдады. Шуша декларациясы 2021 жылдың 15 маусым күні Қарабахтың символдық қаласы Шушада президент Режеп Тайып Ердоған және Ильхам Әлиев тарапынан қол қойылған болатын.

Ватан газеті Сыртқы істер министрінің хабарына орын берген.  Хабарға қарағанда,  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресейдің Түркиядағы өкілетті елшісі Алексей Ерховпен кездесті. Кездесуде халықаралық мәселелермен қоса екі жақты тақырыптар қолға алынды.

Хабер Түрік газеті баскетбол хабарына орын берген. Хабарға қарағанда, Америка Баскетбол лигасында (NBA) ойнайтын түрік баскетболшы Жеди Осман 93-90 есебімен жеңіске жеткен матчта рекорд жаңалады.  Ол 12 рет баскет салуға көмектесті.



Ұқсас жаңалықтар