Түрік баспасөзіне шолу

Түркияда шығатын газеттердің басты тақырыптарына тоқталамыз.

1765051
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Түркия халықаралық ұйымға Босния және Герцеговина жайлы үндеу тастады» атты хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Сербияның Босния және Герцеговинаның егемендігіне және территория тұтастығына берген қолдауы Балканның бейбітшілігі мен тұрақтылығы үшін өте маңызды екенін айтты. Босния және Герцеговинаның территория тұтастығына зиян төндіретін қадамдардан аулақ тұру жайлы үндеу тастаған Ердоған «Босния және Герцеговинадағы дағдарыстың шешілуі үшін халықаралық ұйымдар бірге әрекет жасауы керек» деді.

Хабер Түрік газеті «Ердоған: соғысты саясат тарихынан шығарғанымыз жөн» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Ресейдің Украинаны жаулау ықтималының шындыққа үйлеспейтінін айтты. Ердоған «Ресей президенті Владимир Путинмен де осы тақырыпты қолға алуымыз керек. Өйткені осы аймақтар соғысты қабылдамайды. Бұл дұрыс емес. Бұдан кейін соғысты саясат тарихынан шығарғанымыз жөн» деді.

Стар газеті «Ердоған: Мұнай бейбітшіліктің бір құралы болатын болса, біз мұны қолданамыз» деген хабар жариялаған. Президент Ердоған Жерорта теңізінің шығысында Израильмен ынтымақтастық ықтималымен байланысты «Құрметті Герцогпен кездесудеміз. Ол Түркияға келуі мүмкін. Саясаткер ретінде бейбітшілік үшін бармыз. Мұнай бейбітшіліктің бір құралы болатын болса, біз мұны қолданамыз. Өзара мүддеге негізделіп, қолымыздан келгенді істейміз» деді.

Хүрриет газеті «Түркия экономикасындағы өсу 10 пайыздан астам болады» атты хабарға орын берген. Президенттің орынбасары Фуат Октай басшылығында жиналған Экономика Координация кеңесі жиналысынан кейін жазбаша мәлімдеме жасалды. Мәлімдемеде «2021 жылдың соңғы тоқсанына байланысты жарияланған көрсеткіштерге қарағанда өсу бағыты жалғасуда » делінді.

Йени Шафак газеті «Түрік ойын секторы 2022 жылға жылдам кірді» атты хабар жариялаған. Түркия 500-ден астам ойын компьютер бағдарламасымен әлемнің алдыңғы қатарында орын алды. 255 миллион долларлық жаңа инвестиция салған түрік ойын фирмасы Dream Games 2,75 миллиард доллар құнға жетіп, әлемнің ең маңызды ойын фирмасының бірі болды.



Ұқсас жаңалықтар