Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1731898
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Cүйіспеншілік және құрметпен еске аламыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Бүгін - 10 қараша. Түркия Республикасының құрушысы Ардагер Мұстафа Кемал Ататүріктің қайтыс болғанына 83 жыл толды. Түркия 57 жылдық өмірінде ұлты мен отанының тәуелсіздігі жолындағы әрбір күресті жеңіспен аяқтап, атын түрік және әлем тарихына алтын әріптермен жазған көшбасшысын тағы да махаббат, құрмет және алғыспен еске алады.

Хабер түрік газеті «Ататүріктің арамыздан кеткеніне 83 жыл» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ұлы көсем Мұстафа Кемал Ататүрік 57 жылдық өмірінде Түрік ұлтының азаттық соғысын сәтті басқарған қолбасшы ретінде ғана емес, сонымен бірге өзі жүзеге асырған реформаларымен де мемлекет қайраткері ретінде тарихқа із қалдырды. Әскери және саяси кемеңгерлігімен есімін түрік және әлем тарихына алтын әріптермен жазған Мұстафа Кемал Ататүрік 1938 жылы 10 қараша күні Түркия уақытымен таңғы сағат 09:05-де Стамбулдағы Долмабахче сарайында дүниеден өтті.

Хүррийет газеті «ТҰҰМ төрағасы Шентоптың 10 қараша хабарламасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Түркия Республикасының негізін қалаушы Ардагер Мұстафа Кемал Ататүріктің қайтыс болғанына 83 жыл толуына орай хабарлама жариялады. Шентоп Ардагер Мұстафа Кемал Ататүрікті түсінудің «Оның түрік ұлтымен бірге жеті құрлыққа қарсы күрестегі көшбасшылығын үлгі етіп, Түркияның ұлттық мүддесін әрдайым мақсат тұтып, толық тәуелсіздік, абыройлы болашақ, ғылыми өрлеу мен даму мұрасын сақтау»  екенін баса айтты.

Йени шафак газеті «Климаттың жаңа дәуірі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Париж климаттық келісімі бүгін күшіне енеді. Келісіммен Түркияға берілетін 3 миллиард 157 миллион долларлық ресурстар күн мен жел сияқты жаңартылатын энергия инвестицияларын қолдау үшін «жасыл» өнеркәсіп аймақтарды, ақылды ауыл шаруашылығы және суды қорғауда пайдаланылады. 2053 жылға дейін Түркия таза нөлдік шығарындыларға қол жеткізетін көміртекті бейтарап ел болуды мақсат етеді.

Стар газеті «Қазақстан Түркияның тарихи ізетін ешқашан ұмытпайды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған Түркі Республикаларының симпозиумы» өтті. Симпозиумда сөз алған Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Түркияның Қазақстанды тәуелсіздігін жариялағаннан кейін бірінші болып мойындаған мемлекет екенін айтып, қазақ халқының «бұл тарихи ізетті» ешқашан ұмытпайтынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар