Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1731336
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоған: Түркия эпидемиямен күресін табыспен жалғастыруда» деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған кешегі үкімет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады. Ол ковид эпидемиясымен күресті жақыннан бақылап отырғанын айтып: «Түркияда жағдай, ауруханаға жату, реанимация және өлім-жітім көрсеткіштері бақылауға алатын деңгейде» деді.

Сабах газеті «Тарихи жеңістің жылдығы» деген хабар жариялаған.  Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Түрік Қарулы күштерінің қолбасшыларымен бірге кеше Жеңіс мерекесіне қатысу мақсатымен Әзербайжанға барды. Министр Акар осында сөйлеген сөзінде Әзербайжанның әрқашан жанында болатындарын айтты. Арменияны жауша ұстанымнан бас тартуға шақырды.

Стар газеті «Ердоған – мықты лидер» деген хабарға орын берген. Босния және Герцоговина Халықтар мәжілісі басшылар алқасының мүшесі Бакир Иззетбегович президент Ердоғанның мықты лидер екенін және Боснияның бұны пайдалануы керектігін айтты.

Хүрриет газеті «115 елге 144 миллион долларлық шай экспорт етілді» деген хабар жариялаған.  Түркия 2021 жылдың қаңтар-қазан айларында 115 елге жүргізілген шай экспортынан 14 миллион 435 мың 902 долларлық табыс тапты.

Хабер Түрік газеті «Анталия туризмде шетелдік қарсыластарын артта тастады» деген хабар жариялаған. Әлемнің түкпір-түкпірінен турист тартқан Анталия биыл Жерорта теңізіндегі туризм аймақтары арасында ең көп турист қабылдаған дестинация болды. Жерорта теңізі туристік қонақүйлер және кәсіпорындар одағы төрағасы Еркан Ягджы «Анталия қыркүйек айы аяғында ең жақын қарсыласы Испанияның Мальорка аралына қарағанда екі есе көп турист күтті. Оларға 3,5 миллион турист келсе, біз 8,5 миллион турист күттік» деді.



Ұқсас жаңалықтар