Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1730827
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоған түрік әскеріне үн қатты: «Ту – намысымыз» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған шекарашы қырандарға үн қатып «Ту біздің қасиеттілеріміз арасында ең маңызды орын алатын құндылық. Туды қалай қорғайтыңызды жақсы білемін» деді.

Йени шафак газеті «Акар: 'Террористтер бір жерде 2 түн қона алмайды'» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар 2015 жылдың 24 шілде күнінен бері түрік әскері залалсыздандырған террорист санының 32 мың 859 екенін білдіріп, «1 қаңтар күнінен бастап жүргізілген операцияларда жалпы 2 мың 384 террорист залалсыздандырылды. Террористтер бір жерде 2 түн қона алмайды, түрік әскері әрқашан олардың ізінде» деді.

Ватан газеті «Сыртқы істер министрлігі: Ирак премьер-министрі Казымидің резиденциясына жасалған шабуылды айыптаймыз» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрлігі Ирак премьер-министрі Мұстафа Казымидің резиденциясында пилотсыз ұшақтармен жасалған террор әрекеттерін айыптады. Мәлімдемеде «Түркия қайдан шыққанына қарамастан террормен күресте Ирак халқы мен мемлекетінің жанында болуды жалғастырады» делінді.

Сабах газеті «Гөбеклитепе 10 айда келушілер саны тұрғысынан шыңға жетті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Шанлыурфада 12 мың жылдық тарихымен «тарих басталған жер» деп сипатталған Гөбеклитепеге жылдың 10 айында шамамен 460 мың адам барса, бұл көрсеткіш қазірге дейін ең жоғары келуші саны ретінде тіркелді.

Хүррийет газеті «ТӘЖ бала қонақтары үшін арнайы саяхат пакеттері дайындады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік әуе жолдары (ТӘЖ) бала жолаушылары үшін арнайы саяхат пакеттері дайындады. High Five (Жоғары бестік) тақырыбымен дайындалған, көз бауы, құлаққап, шұлық және тіс жуу материалдары орын алған жаңа пакеттер ТӘЖ-ның Түркиядан басталатын ұзақ қашықтыққа ұшатын рейстерінде жолаушыларға ұсыныла бастады.



Ұқсас жаңалықтар