Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1689203
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Түркиядан Швейцарияға PKK наразылығы» атты хабарға орын берген. Сыртқы істер министрлігі Швейцарияда террорлық ұйым PKK/YPG-мен байланысы бар заңсыз “Солтүстік және шығыс Сирия автономды басқару өкілдігі» атты мекеннің ашылуына наразылық білдірді.  Швейцарияның Түркиядағы елшілігінің өкілі министрлікке шақырылып, түсініктеме сұралды.

Стар газеті «Грекиядан Түркияға алғыс» атты хабар жариялаған.  Грекия Сыртқы істер министрі Никос Дендиас орман өрттеріне екі өрт сөндіру ұшағымен қолдау берген әріптесі Мевлүт Чавушоғлуна алғыс айтты.

Йени Шафак газеті «Стамбул әуежайы әлемнің үздіктер қатарында» деген хабарға орын берген. Рейстерді тексеретін Skytrax компаниясы 2021 жылдың «Әлемдегі үздік әуежайлары» тізімін жариялады.  Осыған қарағанда, 2020 жылы 102-ші орында тұрған Стамбул әуежайы бір жылда 85 саты көтерілді және әлемнің үздік 17-ші әуежайы атанды.

Сабах газеті «Анталия 7 айда 3 миллион 396 мың туристі күтіп алды» деген тақырып қолданған. Әлемдегі маңызды туризм орталықтары арасында орын алатын, коронавирус пандемиясы кезінде сенімді туризмнің адресі болған Анталияға 7 айда 3 миллион 396 мың турист келді. Ресей 1 миллион 127 мың 716 туристпен осы қалаға ең көп турист жіберген ел болды.

Хүрриет газеті Ван көлі туралы хабарға орын берген.  Әлемдегі ең ірі содалы көл болып саналатын Ван көлінде жаңа микробиалит түрі анықталды. Ұзындығы 30-40 метр микробиалиттер әлемдегі ең үлкен микробиалиттер екені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар