Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1688381
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Өмер Челик: Түркия ешкімге босқындар лагері емес» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик Түркияның ешкімге босқындар лагері емес екенін айтты. Челик «Түркия ешкімге босқындар лагері емес. Өлімнен аман қалғандарды қорғамау этикаға жат болар еді. Бірақ бұл жерді босқындар лагері ретінде көрсету дұрыс емес» деді.

Стар газеті «TURKOVAC-тан жақсы жаңалық 100% тиімді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) эпидемиясына қарсы Түркияда шығарылған TURKOVAC вакцинасының британдық нұсқауға қарсы 100 пайыз тиімді екені атап көрсетілді. TURKOVAC вакцинасы жобасының жетекшісі, профессор Айкут Өздарендели «Дельта» нұсқасы бойынша зерттеулердің әлі жалғасатынын білдірді.

Ватан газеті «Угур Шахиннің «Дельта» нұсқасы мәлімдемесі» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда BionTech фирмасы басшысы, профессор доктор Угур Шахин «BioNTech-Pfizer тарапынан өндірген бірінші буын ковид-19 вакцинасы «Дельта» нұсқасына қоса қазіргі уақытта айналымдағы барлық нұсқаларға қарсы тиімді. Осы себепті қазіргі уақытта вакцинамызға кезкелген бір бейімдеу жұмысы жүргізуді жоспарламаймыз» деді.

Хүррийет газеті «Грузия премьер-министрі Гарибашвилидің Түркия мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Грузия премьер-министрі Иракли Гарибашвили шекаралас көршісі және стратегиялық серіктесі Түркиямен қарым-қатынас пен ынтымақтастыққа үлкен мән бергендерін білдірді. Гарибашвили кеше жасаған мәлімдемеде «Түркиямен стратегиялық серіктестігіміз бар және Түркиямен достық пен ынтымақтастыққа үлкен мән береміз» деді.

Хабер түрік газеті «Күн мен желге 1 триллион доллар инвестиция» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк алдағы 10 жылда мемлекеттік және жекеменшік сала тарапынан уәде етілген 1 триллион долларлық жел мен күн инвестициясы салынғанын мәлімдеді. Бұл аяда Түркия ретінде жаңартылатын энергияны барынша пайдалану арқылы шетелдік мұнай мен газға тәуелділікті артықшылыққа айналдырғымыз келеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар