Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1687831
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Түркиядан қорғаныс қадамы.  Әлемнің назары оларда» деген хабар жариялаған. Түрік қорғаныс өнеркәсібі әлемнің назарын аударуын жалғастыруда.  Түркияның сауытты әскери көлік өндірушілерінің бірі Nurol Makina компаниясының «Ejder Yalçın», «Yörük», «Ilgaz II», «Ejder Kunter» және  «Ejder TOMA» көліктеріне түрлі елдерден сұраныс келіп жатыр.  Аталмыш көліктер 15 елде қолданылуда. Компания Жапонияда ашылған сауытты көлік тендерінде де алғашқы іріктеуден өткен бес ел қатарына ілікті.

Сабах газеті «Aksungur İHA» әуеде ұшу мерзімінде  рекорд жасады» деген хабар жариялаған. TUSAŞ Түрік Авиация және ғарыш өнеркәсібі басқармасының инженерлері мен техниктері өндірген ұшқышсыз әуе аппараты «Aksungur» әуеде мың сағат ұшып, рекорд жаңартты.

Йени Шафак газеті «Түркияның қорғаныс өнеркәсібіне мақтау» деген хабарға орын берген. Америка Құрама Штаттарының «Business Insıder» хабар парақшасы Түркияның қорғаныс өнеркәсібі саласында үлкен жетістікке жеткенін білдірген. Олар Түркияның ұшқышсыз әуе аппараттары туралы «жеңістің кілті» деген сөз қолданған.

Хабер Түрік газеті «115 елге 87 мың 121 тонна кептірілген өрік сатылды» деген хабарға орын берген. Малатия өңірінен 115 елге 87 мың 121 тонна кептірілген өрік экспорт етілді.  Малатия Сауда биржасының деректеріне қарағанда, 2020 жылдың 1 тамыз бен 2021 жылдың 31 шілде күндері арасында осы экспорттан 291 миллион 749 мың доллар табыс түсті.  Кептірілген өрік ең көп сатылған ел – Америка Құрама Штаттары.

Хүрриет газеті «Ұлттық мотошабандоз Топрак Разгатлыоғлу екінші орын алды» деген хабарға орын берген. Мотошабандоз Разгатлыоғлу Әлемдік  «Superbike» чемпионатының алтыншы сатысында Чехияда екінші орын алды. Ол көш бастап келе жатқан ағылшын Джонатан Римен арадағы ұпай айырмашылығын 3-ке азайтты.



Ұқсас жаңалықтар