Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1685272
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті Президент Ердоғанның Болгария президентімен сөйлескенін білдірген. Президент Режеп Тайып Ердоған Болгария президенті Румен Радевпен телефон арқылы сөйлесті.  Телефон әңгімесінде өртпен күресте ынтымақтастық және екі ел қатынастарын жетілдіретін тақырыптар қолға алынды.  Президент Ердоған орман өрттеріне байланысты тілек білдірген Болгария президентіне  қолдауы және көмегі үшін алғыс айтты.

Йени Шафак газеті «Түркиядан АҚШ-қа наразылық» атты хабарға орын берген.  Америка Құрама Штаттарының Сыртқы істер министрлігі алдыңғы күнгі мәлімдемесінде босқын қабылдау бағдарламасына байланысты өтінімдердің үшінші елдерден алынатынын білдірді.  Олар Түркияны ишарат етті. ТР Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында «Соңғы 7 жылдан бері әлемде ең көп босқынға құшақ ашқан еліміздің жаңа бір көш дағдарысын үшінші ел атынан мойнына алу әлеуеті жоқ. Жауапкершіліксіз және елімізбен ақылдаспай қабылданған шешімді біз мойындамаймыз» деп айтылды.

Хабер Түрік газеті «Түркия мен Ресей арасында Сирия кездесуі» атты хабар жариялаған.  Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Ресейдің Сирия арнайы өкілі Александр Лаврентьевпен кездесті. Кездесуде Сириядағы өзекті тақырыптар мен саяси процесс қолға алынды.  Идлибте бітімнің сақталуының маңызды екені айтылған кездесуде келісімнен кейін ортаға шыққан тұрақтылыққа зиян келтіретін арандатушы шабуылдарға жол бермеу керектігі тақырыбында келісілді. PYD/YPG/PKK және ДАИШ секілді террорлық ұйымдарға қарсы табандылықпен күрес баса айтылды.

Сабах газеті «Ирактың солтүстігінде PKK-ға ауыр соққы» деген хабарға орын берген. Ирактың солтүстігінде жалғасып жатқан «Пенче-Шимшек» және «Пенче-Йылдырым» операциясының 100-ші күнінде террорлық ұйым PKK-ның күре тамыры Авашин бақылауға алынды. 223 террорист залалсыздандырылды. Олардың 13-і жоғары деңгейдегі басшылары. Жер астындағы 28 туннель де қолданылмайтын жағдайға келтірілді.  1537 мина мен қолдан жасалған бомбалар да жойылды.

Хүрриет газеті «ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімі жарияланды» деген хабар берген.  Малатияның Батталгази ауданындағы Арслантепе қорғаны ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұрасының тұрақты тізіміне енді. Тарихы біздің дәуірімізден бұрынғы 5 мыңыншы жылға дейін баратын қорғанға жыл сайын он мыңдаған адам келеді.  Қазірге дейін жүргізілген қазбаларда көптеген жәдігер жарыққа шығарылды.



Ұқсас жаңалықтар