Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1676312
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «15 шілдеде халық тағы алаңдарға жиналды» атты хабар жариялаған. Бүгін 2021 жылдың 15 шілде күні. Осыдан 5 жыл бұрын, 2016 жылы 15 шілде күні Түркия опасыз төңкеріс әрекеті бастамасымен бетпе-бет қалды. Сол түні президент Режеп Тайып Ердоғанның үндеуімен алаңдарға жиналған халық батырлық дастан жазды. Кеше мемлекеттің түкпір-түкпірінен алаңдарға жиналған түрік халқы  әрі шейіттерді еске алды, әрі төңкеріс талпыныстарына қарсы қол жеткізген жеңісті тойлады.

Хүрриет газеті «Ердоған: Ұлы және күшті Түркияны құруға кедергі бола алмайды » атты хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып «15 шілде-Демократия және Ұлттық Бірлік күніне» орай ұлтқа үн қатты. Ердоған «Ұлтымызға қарсы сұрқия ниетте болғандарға ‘Табысты бола алмайсыз’ дейміз. Кеше табысты болмады, бүгін де, ертең де табысты болмайды иншалла. Ұлы және күшті Түркияны құруға кедергі бола алмайды» деген сөздер қолданды.

Ватан газеті «15 шілде Демократия мұражайы ашылды» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған президенттік сарайын алдында салынған ФЕТӨ-нің опасыздық төңкеріс талпынысының арнайы дыбыс және бейне көріністермен түсіндірілетін 15 шілде Демократия мұрайының ашылу рәсімін өткізді. Президент Ердоған және жұбайы Эмине Ердоған мұражайда төңкеріс талпыныстыстары барысында азаматтардың батылдықпен жүргізіген күрес көріністері берілген кезде қатты әсерленді.

Хабер Түрік газеті «Ұлттық бірліктің символы» атты хабар жариялаған. ФЕТӨ-нің 2016 жылы 15 шілде күнгі төңкеріс талпынысында ұлттық бірліктің символы дұғалар 81 провинциядағы 90 мың мешітте Түркия сағаты бойынша 00:13-де  бірдей уақытта оқылды. Стамбұлдағы Явуз Сұлтан Селим көпірі 15 шілде – Демократия және Ұлттық Бірлік күніне орай қызыл және ақ түстермен жарықтандырылды. 

Стар газеті «Әлемнің ең әйгілі алаңынан үндеу: Түркия өткел бермейді» атты хабарға орын берген. Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласындағы Таймс алаңында цифрлық үлкен экранда «15 шілде-Демократия және Ұлттық Бірлік күніне» орай ФЕТӨ-нің төңкеріс талпыныстарына қарсы түрік ұлтының күрестері бейне көріністер арқылы түсіндірілді. Экранда «Түркия өткел бермейді» деген жазу жазылды.



Ұқсас жаңалықтар