Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1674974
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған Қытай президентімен телефонда сөйлесті» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Түркия-Қытай қарым-қатынастарын жақсарту үшін басылатын қадамдар мен аймақтық оқиғалар, әсіресе сауда, инвестиция, энергетика, көлік және денсаулық мәселелері талқыланды. Ердоған Ұйғыр түріктерінің Қытай үшін тең құқылы азаматтар ретінде тыныш, еркін және бейбіт ортада өмір сүруінің Түркия үшін маңыздылығына назар аударды.

Хүррийет газеті «Сыртқы істер министрлігінің Грекияға Галатасарай наразылығы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Олимпиакос» футбол командасымен достық матчы ойнау үшін Грекияның бас қаласы Афинаға барған «Галатасарай» футбол командасына әуежайда көрсетілген ыңғайсыздық себепті Грекияның Түркиядағы елшісі Михаэль-Христос Диамессис кеше министрлікке шақырылды. Жасалған қатыгездік үшін Диамессиске қатаң дипломатиялық нота берілді. Грекияға берілген қатаң дипломатиялық протест нотасында командаға бағытталған ұстанымның заңсыз, жікшіл және достық көзқарастан аулақ екені атап көрсетілді.

Ватан газеті «Министр Акардың Ауғанстанға қатысты мәлімдемесі» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар кеше Ауғанстандағы Хамид Карзаи атындағы халықаралық әуежайдың қауіпсіздігі мен жұмысы туралы жасаған мәлімдемеде «НАТО-да Түркияның бастамаларымен оң өзгерістер болды. АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Джеймс Остинмен келіскен тақырыптар бар. Мақсат – ауғандық бауырларымыздың қауіпсіздігі, тыныштығы және әл-ауқатына үлес қосу» деді.

Хабер түрік газеті «Министр Варанк: Өнеркәсіптік өндіріс индексінің жоғары көрсеткіштері біздің өсу туралы үмітімізді одан әрі нығайтты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк жеке Твиттер аккауынтынан жасаған хабарламада мамыр айындағы өнеркәсіптік өндіріс деректерін бағалады. Варанк «Мамыр айында өнеркәсіптік өндіріс индексі жылдық тұрғыдан 40 пайызға, айлық тұрғыдан 1,3 пайызға өсті. Бұл көрсеткіш 2021 жылдың екінші тоқсанында күткен өсуді одан әрі нығайтты» деді.

Стар газеті «Грекия келімсектердің қайықтарын Түркияға қарай итермелейді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуроодақ (ЕО) ішкі істер комиссары Ильва Йоханссон Грекияның баспана іздеп келген келімсектердің қайықтарын Түркияға қарай заңсыз түрде итермелегенін атап, мұның «Еуропаның негізгі құндылықтарын бұзу» деген мағынаға келгенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар