Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1673747
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоғанның Сребреница қырғыны хабарламасы! 'Жол бермейміз» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Сребреница қырғынының 26 жылдығына орай Босния және Герцеговинада өткен еске алу рәсіміне жолдаған бейне үндеуінде «Еуропа мен адамзат тарихындағы бұл қара дақты кез-келген себеппен күн тәртіптен шығаруға жол бермейміз!» деді. 

Йени Шафак газеті «Ердоған Халықаралық Солтүстік Кипр мәдениеті мен спорт фестивалінде көгалға шығады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Кипр бейбітшілік операциясының 47-жылдығына орай 16-19 шілде аралығында Никосияға барады. Халықаралық Солтүстік Кипр мәдениеті мен спорт фестивалінде министрлер мен бұрынғы футболшылардан құралған «Атақтылар құрамасы» матчында көгалға шығады. Ердоған футбол матчы алдында бүкіл әлемге хабарлама жасайды. 

Хабер түрік газеті «Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акардан грек әріптесіне наразылық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Грекия Қорғаныс министрі Николаос Панагиотопулостың Түркияға қарсы айтқан сөздеріне наразылық білдірді. Грекия арандатушы, заңсыз, тіпті өзі қол қойған келісімдерге бағынбайтын ымырасыздықпен өршіп тұрған ұстанымын жалғастыруда. 

Хүррийет газеті «Мемлекеттік әуежайлар басқармасы (МӘБ) Еуропада бірінші орын алды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Көлік және инфрақұрылым министрі Адил Қараисмаилоғлу «МӘБ» Әуе қозғалысын басқару орталығының жылдың алғаш 6 айлық ұшу трафигін басқаруда Еуропаның ірі орталықтарын артта қалдырып, бірінші орынға көтерілгенін мәлімдеді. 

Стар газеті «Түркияның су өнімдері экспорты жаңа рекордқа бет алды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия 2020 жылының қаңтар-маусым кезеңінде 457 миллион 919 мың долларлық су өнімі экспорттады. Биылдың бірдей кезеңінде болса экспорт 42 пайызбен 649 миллион долларға өсті.  



Ұқсас жаңалықтар