Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1671917
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоған: Біз әлемде ешкім қол жеткізе алмайтын нәрсені орындадық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған «Біз жаппай тұрғын үй басқармасы арқылы әлемде ешкім жасай алмаған нәрсені орындадық. Шамамен 200 миллиард лира инвестициямен біз көптеген азаматымызды үй иесі қылдық» деді. Жақында 100 мың әлеуметтік баспана бағдарламасын бастағандарын айтқан Ердоған «12 мың әлеуметтік тұрғын үй құрылысын аяқтадық. Қазір 76 мың әлеуметтік тұрғын үй құрылысын жалғастырудамыз» деді.

Йени Шафак газеті «Turkovac жаппай өндіріске дайын» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда коронавирусқа қарсы күрес аясында жетілдірілген отандық вакцина Turkovac-тың 3-ші кезеңдік зерттеулер 500 адамнан тұратын топпен бар жылдамдығым жалғасуда. Түркия Денсаулық сақтау институттары басшысы профессор Ерхан Акдоған қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген Turkovac үшін «Көзіміз 3-ші кезеңнің жағымды жаңалықтарында. Барлық инфрақұрылымымыз дайын. Вакцина өндірісінің қуаттылығы жоғары отандық вакцина өндірісін бастайды» деді.

Стар газеті «СКТР: Түркиямен бірге қозғалу күшімізге күш қосады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) премьер-министрі Эрсан Санер «СКТР ретінде Түркиямен бірге қозғалған сайын бұл географияда біз жасай алмайтын ештеңе жоқ деп санаймыз. Көгілдір отаннан бастап түрік ұлтының құқығы мен мүдделерін қорғау СКТР үкіметінің ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Атажұртымыз Түркиямен бірге қозғалу күшімізге күш қосады» деді.

Сабах газеті «Орыстар туризмге сауданы да қосты» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ресеймен туризм бастамалары экспортты да күшейте бастады. Соңғы бір айлық мерзімде мыңдаған орыс кәсіпкерлер Анталиядағы көрмелерге ағылды. Биыл 50 мың орыс іскер Түркияға демалу үшін де, сауда үшін де келеді.

Ватан газеті «Неміс баспасөзінде отандық көлік! ‘Автомобиль алпауыттарының бәсекелесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда неміс ZDF телеарнасы 'Түркияның машинасы Tesla мен Volkswagen-ге бәсекелес пе?' атты жариялаған жаңалығында Түркияның өз күшін біріктіру арқылы тағы өте үлкен бір нысанасын жүзеге асыруға бет бұрғаны аталып, түріктер шығаратын электрлі SUV автокөлік моделінің келесі жылдың аяғында өндірісін бастайтынына назар аударылған.



Ұқсас жаңалықтар