Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға кең орын берген.

1590543
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған: Әрбір тамшы қанның құнын еселеп қайтарамыз» деген хабарға орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған Әділет және даму партиясының қалалық құрылтайларында сөйлеген сөзінде «Терроризммен күрес саласында басылған қадамдардың оң нәтижелерін көре бастадық.  Әрі террорлық ұйымға қосылғандардың саны азайып келеді,  әрі террорлық ұйымның лаңкестік жасауы азайды. Ұлтымыздың бірлігіне зиян келтіруге тырысқан опасыздардан төккен әрбір тамшы қанының есебін еселеп сұраймыз» деді.

Хүрриет газеті «Moody’s Түркияның өсім болжамдарын көтерді» деген хабар жариялаған.  Халықаралық несие дәрежелендіру ұйымы Moody’s Түркияның 2021 жылға өсім болжамын 3,5 пайыздан 4-ке, 2022 жыл үшін болжамды 4-тен 5-ке көтерді.

Йени Шафак «Стамбул әуежайы Халықаралық әуежайлар кеңесінің климаттандыру жағынан ақылды әуежайлар тізіміне енді» деген хабарға орын берген.  Хабарға қарағанда, Стамбул әуежайы Әуежайлар карбон аккредитациясы шеңберінде Халықаралық әуежайлар кеңесі тарапынан берілген Бірінші дәреже сертификатын алуға лайықты деп табылды.

Стар газеті «Клеопатра жағажайы – Еуропаның үздік жағажайлары арасында» деген хабар жариялаған. Әлем көлемінде миллиондаған адамның туристік базалар жөніндегі пікірлері мен көзқарастары жазылған интернет парақшасында сауалнама жүргізілді.  Сауалнамада 2021 жылдың ең таңдаулы жағажайлары орын алды. Еуропаның ең үздік жағажайлары арасында Түркиядан да  Аланиядағы Клеопатра жағажайы орын алды.

Хабер Түрік газеті  туризм хабарына орын берген. Хабарға қарағанда, орыстың Yandex.Travel компаниясы он мың адамдық сауалнама жүргізді.  Азаматтардың 68 пайызы коронавирус шектеулерінің демалыс пікірлеріне әсер ететінін білдірді.  Орыс туристер биыл да Түркияны барғысы келетін елдер қатарында көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар