Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1484650
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоған: Түркия әрқашан құқығы мен мүдделерін қорғайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Германия канцлері Ангела Меркельмен телеконференция арқылы кездесу өткізді. Президент Ердоған кездесуде Грекияның менменшіл және әділетсіз ұстанымына кейбір елдердің қолдау беруінің қабылданбайтынын атап, халықаралық заңдарды «жоқ» деп есептейтін әрекеттерге қарсы Түркияның әрқашан құқығы мен мүдделерін қорғайтынын ескертті. 

Ватан газеті «НАТО жариялады, Түркия мен Грекия кездесуге шешім қабылдады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркия мен Грекияның шығыс Жерорта теңізіндегі дағдарыспен байланысты мәлімдемелер жасады. Столтенберг жазбаша мәлімдемесінде «Түрік және грек басшылармен болып өткен байланыстың артынан екі одақтас ел шығыс Жерорта теңізінде әскери қақтығыстың алдын алу механизмдерін құру және апаттар мен оқиғаларға жол бермеу үшін рисктерді азайту мақсатты НАТО құрамында техникалық келіссөздерді бастауға келісті» делінді. 

Сабах газеті «Түркия: Алғы шартсыз келіссөзге дайынбыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Т.Р. Сыртқы істер министрлігі НАТО Бас хатшысының шығыс Жерорта теңізі тақырыбындағы инициативасымен байланысты мәлімдеме жасады. Түркияның Грекиямен барлық мәселелерге халықаралық заңдар аясында әділ, тұрақты шешімдер іздеу үшін алғы шартсыз келіссөздерге дайын екеніне назар аударылған мәлімдемеде грек тарапы да бұл инициативаны қолдауға шақырылды.

Хүррийет газеті «Түркия эпидемияда жақсы жұмыс істеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Американ Түрік қоғамы ұйымдастырған ковид-19 кезеңімен байланысты webinar сериалының алғашқы қонағы профессор, др. Мехмет Өз болды. Профессор, др. Мехмет Өз Түркияда іске қосылған емдеудің егжей-тегжейі туралы сұрақтарға жауап қайтарған кезде «Түркия өте жақсы бір жетістікке қол жеткізді. Медицина саласының адамдары Түркияда тапсырмаларды өте жақсы орындаудауда. Әдістер табысты түрде іске асырылады» деді. Өз Түркияның қарияларды басқа елдермен салыстырғанда одан жақсы қорғағанын да меңзеді.

Стар газеті «Түркия ұзақ мерзімде энергия орталығына айналуы мүмкін» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда орталығы АҚШ-тағы геосаяси риск кеңесшілік фирмасы ‘Gulf State Analytics’ құрамында қызмет атқарған ирандық Энергия қауіпсіздігі сараптамашысы Омид Шүкри Қаратеңізде ашылған табиғи газ резерві туралы мәлімдеді. Шүкри  «Түркия Қаратеңізде ашқан 320 миллиард текшеметр мөлшерінде табиғи газ резерві аймақта басқа резервтердің де бар екенінің дәлелі. Қажетті шарттар қамтамасыз етілген жағдайда, Түркия аймақтың энергия орталықтарының біріне айналады» деді.​



Ұқсас жаңалықтар