Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1332244
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоған: Түркияның отандық автомобильге бағытталған тапсырыстарды ала бастадық» деген хабарға орын берді. Газет президент  Режеп Тайып Ердоғанның Бештепе Ұлттық Конгресс және Мәдениет орталығында ұйымдастырылған Түркия ғылым және технология зеттеу қоғамы (TÜBİTAK) және Түрік ғалымдар академиясы (TÜBA) ғылым жүлделері рәсімінде сөз сөйлегенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Ердоған баяндамасында «Енді жаңа технологиялардың тек нарығы болуымен қатар осы технологияларды өндірген, барша әлемге таратқан және өз стандарттарын қабылдатқан бір ел болуға бел байладық» деген сөздер қолданды.  Президент Ердоған Түркияның отандық автомобильге бағытталған тапсырыстарды ала бастағанын білдірді.

Ватан газеті «Отандық автомобильдің өзіндік ерекшелігі бар» атты тақырып қолданды. Газет Түркияның Автомобильі бастамасы тобы тарапынан 2022 жылы өндіріле бастайтын отандық көліктің өзіндік ерекшеліктерге ие екеніне орын берді. Газеттің хабарына қарағанда көлік табиғатты еш ластамайтын болады. Отандық автокөліктің барлық техникалық ерекшеліктерін өзіміз анықтаймыз. Түркия автомобилінің алдымен C үлгісіндегі электрлі бір SUV-мен нарыққа кіруі, одан кейін модель санын 5 түрге шығаруы жоспарлануда. 

Стар газеті хабарын «Экономикаға сенім мөлшермен бір жарым жылдың ең жоғарғы деңгейінде» деген тақырыбымен берді. Газеттің хабары бойынша өткен жылдың екінші жартысында спекулатив бағам талпыныстары, геосаяси өзгерістері және жаһандық сауда соғыстарының ықпалымен экономикалық сенім индексі 2018 жылының қазан айында 75,2 деңгейге дейін шегінді. Үкіметтің жасаған алдын алу шаралары және атқарған дұрыс саясаттың арқасында болымды жаңалықтар байқалды. Экономикалық сенім индексі желтоқсан айында өткен жылғы бірдей мезгілмен салыстырғанда 2,6 пайыз өсіп, 91,3-тен 93.8 бағаға ұласты.      Желтоқсан айында өндіріс өнеркәсіп индексі 108,7 бағаға, қызмет саласы сенім индексі 93,2  бағаға, сауда секторы сенім индексі 102,6  бағаға және  құрылыс секторы сенім индексі болса  68,9  бағаға ұласты.

Хүрриет газеті «Туризмде рекорд жаңартты» атты хабарға орын берді. Газет Түркияның  2019 жылдың 11 айында 42 миллион 910 мың 408 шетелдік жолаушыны күтіп алғанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда қараша айында Түркияға сапарлай келген шетелдік жолаушы саны 2018 жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 11.41 пайыз артып 2 миллион 190 мың 622 кісіге жетті. Министрліктің 2019 жылы қаңтар-қараша мезгіліндегі мәліметіне қарағанда Түркияға 11 айда келген жолаушы 2018 жылмен салыстырғанда 14.31 пайыз артып 42 миллион 910 мың 408 кісіге көбейді.

Йени Шафак газеті «Түркия Еуропа несие карточкасы нарығында лидерлігін жалғастыруда» деген тақырып қолданды. Газеттің хабары бойынша  2019 жылы Түркияда несие карточка төлеуде өсу көрсетті. Қараша айы аяғынан бастап, жалпы  несие карточка саны 234 миллионға ұласты. Түркия Еуропада Еуропа несие карточкасы нарығында лидерлігін жалғастыруда.

 

 



Ұқсас жаңалықтар