Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем жаңалықтарына орын берген.

1331663
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ибрахим Калын: Егер шабуылдар жалғаса берсе, Берлинде жиналуымыздың ешбір мәні жоқ» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын кеше бір телеарнада Ливиямен байланысты мәлімдеме жасады.Калын Ливияда Ұлттық Келіссөз Үкіметі мен Хафтер арасында жасалған келісімді мұның алдында Хафтердің бұзғанын атап, «Сол жерде ешкім Хафтерге ‘тоқта’ демеген жағдайда, Сирияға айналады. Бүкіл әлемнің көз алдында Хафтерге қару-жарақ жәрдемі жасалуда. Қаңтар айында Германияда бір саммит болмақ. Егер шабуылдар жалғаса берсе, Берлинде жиналуымыздың ешбір мәні жоқ» деді.

Сабах газеті «Министр Акар және қолбасшылар шекараны аралады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар және Түрік Қарулы Күштері қолбасшылығы Идлибтегі соңғы жағдайдың артынан кеше Сирия шекарасында әскери қолбасшылармен бас қосты. Акар осында жасаған мәлімдемеде Түркияның Идлиб қаласындағы күзет орындарын босатпайтынын атап көрсетті. Министр Акар «Атысты тоқтатуды қамтамасыз етуге бағытталған міндетін батылдықпен орындаған 12 күзет орнынан еш уақытта шықпаймыз. Күзет орындарына осы тақырыпта қажетті тапсырмалар берілді. Кезкелген бір шабуылды ойланбастан ең ауыр түрде тойтаратын боламыз» деді.

Стар газеті «Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Аксой ҰлыбританияныңYPG/PKK шешімі жайлы мәлімдеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксойкеше жасаған мәлімдемеде Ұлыбританияда PKK/PYD/YPG террор ұйымына мүше шетелдік жауынгер Дан Невейдің әкесінің терроризмге қолдау айыбымен басталған тергеу жұмысы барысында тұтқындалуын ризашылықпен қарсы алғанын білдірді.

Хүррийет газеті «Қорғаныста 2020 жылын Аксунгур ашады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның соңғы кездері жетілдірген жоғары салмақтағы жүк тасымалдау қабілетіне ие пилотсыз ұшағы «Аксунгур» жақында қауіпсіздік күштерінің қолданысына ұсынылады. Түрік авиация және Ғарыш өнеркәсібі АҚ Бас директоры Темел Котил «Жаңа жыл немесе қаңтар айының соңынан бастап Түркия осы ұшақты қолдана бастайды» деді.

Хабер түрік газеті «675 жолаушысымен Кушадасына аялдады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Айдынның Кушадасы ауданындағы Эгей Портқа кеше аялдаған Мальта байрақты «Celestyal Crystal» атты круиз кемесі 675 жолаушымен келді. Кемеден түскен жолаушылардың көпшілігінің АҚШ және Ұлыбритания текті туристтер екені білдірілді. Автобустармен Эфес ежелгі қаласы мен Мариям Ана шіркеуін аралаған туристтер Кушадасынан кетті.



Ұқсас жаңалықтар