Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1330530
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ливия Түркияда ресми түрде әскери жәрдем сұрады» деген хабарға орын берді. Газеттің хабарына қарағанда  Ливия Ұлттық келісім үкіметі Ішкі істер министрі Фетхи Башаға төңкерісші Хафтердің ақшалы күштеріне қарсы тойтарыс беру үшін Түркиядан ресми түрде жәрдем сұрағандарын жариялады. Башаға Түркия, Тунис және Алжирмен одақтастық жасайтындарын айтты. Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі жұмысын бастар бастамастан бірінші іс ретінде әскер жолдау құжатын ұсынатындарын атап көрсетті.  Ердоған «Мәжіліс құжатты қабылдағаннан кейін шақырған жерге барамыз.  Біз сол елдің заңды үкіметінің шақыруына барамыз,  Еуропаның және араб елдерінің қолдауымен бүлік шығарған генералға қарсы күресіп жатқан Триполи әкімшілігіне көмек береміз» деді.

Стар газеті «Әзірбайжанның Түркияға инвестициялары 20 миллиард долларға ұласады» атты тақырып қолданды. Газет Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің Әзірбайжан Мемлекеттік Мұнай фирмасы (SOCAR)-дың Түркияда жаңа жоспары мен жобаларының болғанын, сондай-ақ бұлар жүзеге асырылғанда Түркияға инвестицияларының 20 миллиард долларға ұласатынын айтқанына орын берді. Газеттің хабарына қарағанда Әлиев Түркия мен Әзірбайжан қарым-қатынастарының  үлкен табыстарға  қол жеткізгенін айтты.

Сабах газеті хабарын «Тағы бір ана ПКК-дан қашқан қызымен қауышты» деген тақырыбымен берді. Газет Диярбакырда Халықтың демократия партиясының провинция басқармасы алдында 99 күннен бері отыру ереуілінде болған тағы бір шешенің бөлшектеуші террор ұйымы ПКК тарапынан 5 жыл бұрын тауға қашырылған  қазымен қауышқанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда 14 жасында ПКК тарапынан алып қашырылған Мекие Кая террор ұйымынан құтылып, қауіпсіздік күштеріне келіп арқа сүйенді. Қызын құшақтап жылаған әке Хүсейін Кая «Басқаларға  да үн қатып, олар да келсін. Осы отыру ереуіліне қатыссын және балаларына қауышсын» деді.

Хүрриет газеті «Мердігерлер марапатталды» атты хабарға орын берді. Газеттің хабары бойынша  Халықаралық құрылыс секторы журналы ENR-дің әр жылы фирмалардың шетелде жүзеге асырған жобалардан түскен кірістеріне негізделе отырып «Әлемнің ең үлкен 250  Халықаралық мердігер тізімін» жариялады. Соңғы үш жылда тізімде орын алған 53 түрік мердігерлер фирмасына жүлделер берілді. Сауда министрі Рухсар Пекжан түрік мердігерлерінің талпыныстарының арқасында әлемдегі саяси және экономикалық толқындарға қарамастан осы таңда жаһандық бір актер деңгейіне жеткенін түсіндірді.

 



Ұқсас жаңалықтар