Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1329771
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген. Туниске тосын сапар ұйымдастырған президент Режеп Тайып Ердоған Ливияда бітімнің қамдалуы керектігін білдірді. Ол халықаралық деңгейде мойындалған Фаиз әс Саррадж үкіметіне қолдау білдірді.  Төңкеріс жасаған Хафтердің заңды еместігін айтқан Ердоған Ливиядан сұраныс келетін болса,  әскер жіберуге болатынын атап көрсетті.

Йени Шафак газеті «Түрік ағыны алғашқы газ үшін дайын: 8 қаңтарда ашылады» деген хабар жариялаған. Орыс газын Қаратеңіз және Түркия арқылы Еуропаға жеткізетін 935 километрлік Түрік ағыны құбыр желісі газ айдауға дайын.  Ресейден келген газ Түркияда Кыйыкөй терминалында дайын тұр. Екінші желі үшін салынған құрлық жобасы да Болгария шекарасына дейін салынып бітті. Жобаның беташары 8 қаңтар күні Стамбулда өткізіледі деп жоспарланды. Беташарға президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин қатысады.

Стар газеті «Түркиядан Грузияға 100 миллион лиралық әскери реформа көмегі» деген хабарға орын берген.  Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар мен Грузия Қорғаныс министрі Иракли Гарибашвили түрік және грузин үкіметтері арасында әскери және қаржылай ынтымақтастық тақырыбында бір келісімге қол қойды.  Логистикалық көмек келісімі Түркияның Грузия Қорғаныс министрлігіне 100 миллион лира беруін көздейді.

Хүрриет газеті отандық автоклөлік хабарына орын берген. Отандық автокөліктің қандай болатынын барша білгісі келеді.  Түркияның Автомобиль бастамасы тобы әлеуметтік желіде автокөліктің алғы жақтарының суреттерін жариялады. Суретте көліктің алға жағындағы қызғалдақ бейнесі назар аударды. Түркияның отандық автомобилі 27 желтоқсан күні таныстырылады.

Сабах газеті «Түркияның 2020 жылғы экономикалық көрсеткіштері жақсы» деген хабар жариялаған.  Түркия экономикасында қабылданған шаралар макро экономикалық көрсеткіштерге әсер етті. 2020 жылы экономикада жағымды жетістіктер болатыны болжанып отыр. 2020 жылы өсім 5 пайыз болады деп күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар