Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1328546
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоған маңызды мәлімдеме жасады» деген хабарға орын берді. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның кеше «2019 Фуат Сезгін жылы жабылу рәсімінде» сөз сөйлегенін жазды. Газеттің хабарына қарағанда  отандық автомобиль жөнінде мәлімдеме жасаған Ердоған «Алла бұйырса жұма күні Түркияның автомобиль жобасының таныстыру рәсіміне қатысамын» деді.

Хүрриет газеті «Өмер Челик босқындар жайлы мәлімдеме жасады» атты тақырып қолданды. Газет Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челиктің Әділет және даму партиясы орталық басқару кеңесі жиналысынан кейін мәлімдеме жасағанына орын берді. Газеттің хабарына қарағанда Өмер Челик «Бұдан әрі босқын мәселесі Түркиядан гөрі одақтастарымыздың мәселесі. Еуроодақ елдерінің мәселесіне айналатынын ашық түрде айтқымыз келеді. Халықаралық қауымға ескерту жасаймыз. Түркия бұл жүкті жалғыз көтере алмайды» деген сөздер қолданды.

Стар газеті хабарын «Түркия Сауд Арабиясындағы Кашыкчы қастандығы сот шешіміне наразылық көрсетті» деген тақырыбымен берді. Газет Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксойдың сауд текті журналист Джемал Кашыкчы қастандығы жайлы Сауд Арабиясындағы сот шешімінің күтілгендей болмағанын айтқанын жеткізді. Газеттің хабарына қарағанда «Территориямызда болған қылмыстың жарыққа шығарылуы және барлық жауаптылардың сотқа тартылуы тек ғана құқықтық бір мәселе емес, сонымен қатар ұждандық және жауапкерлік мәселесі болып табылады. Сондықтан Сауд Арабиясынан әділ шешім күтеміз» деді.

Сабах газеті «Стамбул әуежайы 50 миллионшы жолаушыны күтіп алды» атты хабарға орын берді. Газет Стамбул әуежайының 50 миллионшы жолаушыны күтіп алғанына орын берді. Газеттің хабарына қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған мен жұбайы Эмине Ердоған тарапынан Стамбулда Нью-Йоркқа саяхат еткен Кобанбай отбасына аттанар алдында 50 миллионшы жолаушы дипломы берілді.  

Хабер Түрік газеті «Жұмыртқа өндірушілері араб нарығына бағытталды» деген тақырып қолданды. Газеттің хабары бойынша  Түркияның жұмыртқа өндіру орталықтарының бірі Афионкарахисардан жұмыртқа өндірушілер Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктері нарығына бағытталды. Афионкарахисар Сауда және өнеркәсіп палатасының Атқару комитеті төрағасы Хүснү Сертесер өндірушілердің сәуір айынан кейін Кувейтке 15, Сирияға 3, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман және Бахрейн секілді елдерге де барлығы 4 миллион долларлық экспорт жүзеге асырғанын білдірді.

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар