Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем жаңалықтарына орын берген.

1327988
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоған: Сириядан келген көш толқыны барлық Еуроодақ елдеріне ықпал етеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сирияда режим күштері бомбалаған Идлибтен 80 мың адамнан тұратынжаңа көш толқынына назар аударған президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның осы көш толқынын бір өзі көтермейтінін атап, «Грекиядан бастап барлық Еуропаға ықпал етеді» деді. Ресеймен Идлибті нысанаға алған шабуылдарды тоқтату үшін қажетті әртүрлі талпынысты ортаға қоятындарын атап көрсеткен Ердоған «Бір делегацияны Мәскеуге жібереміз, келіссөздер жүргізеді. Қорытындыға қарап, біз де басатын қадамдарымызды анықтаймыз» деді.

Хүррийет газеті «Ердоған: Түркия басқан қадамдардан еш бас тартпайды» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған  Сирияда басылған қадамдар мен Ливиямен қабылданған келісімнен ешқандай кері қадам баспайтындарын атап көрсетті. Ердоған Грекия және қолдау берген елдер мен Жерорта теңізіне көрші кейбір араб мемлекеттері ұзақ уақыттан бері Түркияны теңізде жылжи алмайтындай қыспаққа алу үшін дайындалғанын білдірді. Ердоған Түркияны Ливиямен теңізден көрші қылған келісімге қол қоюмен осы құпия ойынды бұзғандарын атап көрсетті.

Хабертүрік газеті «Түркия Сирияда болғандай Ливияда да болмысын жалғастырады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Түркияның бұрын болғандай қазіргі таңда да езілген және жәбірленгендердің қасында екенін атап көрсетті. Акар «Бүгін Сириядағы сияқты Ливияда да бейбітшілік, тыныштық және қауіпсіздік қамтамасыз етілгенше ливиялық бауырларымызды жалғыз қалдырмаймыз» деді.

Сабах газеті «Түркия үшін тарихи бір күн: 'Пири Реис' сүңгуірі жүзе бастады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда жаңа тип сүңгуір қайық жобасының алғашқы сүңгуірі "Пири Реис" президент Режеп Тайып Ердоған қатысқан рәсіммен алғаш рет суда жүзе бастады. "Пири Реис" атты сүңгуір 2022 жылы қызметін бастамақ. Су астындағы, үстіндегі және құрлық нысаналарына қарсы қаруландырылған сүңгуір қайық көптеген типтегі торпедо мен зымыранды ұшыру және мина тастау ерекшеліктеріне ие.

Йени Шафак газеті «Түркияда круиз кемесі туризмі артты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның соңғы кездері Жерорта теңізінің ең мықты круиздік бағыт жарияланып, Еуропада ең мықты алаң сайлануы және Стамбул әуежайының ашылуының артынан теңіз туризмінде аталмыш салаға да шетелден қызығушылар артуда. «Celebrity Cruise», «MSC Cruises» және «Celestyal Cruise» кемелері 2021 жылдан бастап Стамбул, Кушадасы және Измир сияқты көптеген Түркия портына сапар ұйымдастырады. 2021 жылдың соңында осы кемелер 200 мың төңірегінде туристті Түркияға әкеледі.



Ұқсас жаңалықтар