Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1326696
Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газеті «Түркия үш елмен ортақ төлеу жүйесін құруда» деген хабарға орын берді. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның мөлшермен 20 мұсылман елдің өкілдері қатысқан Малайзиядағы саммитте Түркия, Қытай, Ресей және Бразилия арасында альтернатива бір төлеу жүйесі үшін жұмыстарын жалғастырғанын білдірді. Газеттің хабарына қарағанда қаржы нарығындағы АҚШ долларынан туындаған манипуляция доғарылады.

Стар газеті «Малайзия премьер-министрі Махатхир Мұхаммед түрік қорғаныс өнеркәсібін мадақтады» атты тақырып қолданды. Газет Малайзия премьер-министрі Махатхир Мұхаммедтің отандық өндіріс саласында Түркия үлгісіне назар аударғанын жазды. Газеттің хабарына қарағанда Махатхир «Қазір өндіріс тақырыбында Түркияға қарағанымызда Түркия қорғаныс өнеркәсібінде ілгерлеушілік бар. Малайзия осы салада Түркиядан көп нәрсе үйренуде» деген сөздер қолданды.

Ватан газеті хабарын «Сииртте 11,2 миллион баррельдік мұнай табылды» деген тақырыбымен берді. Газет Түркия су айдындарында табиғи газ іздеу жұмыстарының жалғасқан кезде, бір жағынан Түркия шекаралары ішінде мұнай іздеу жұмыстарын тездеткеніне орын берді. Газеттің хабарына қарағанда Сиирттің Куртулан ауданындағы Демиркую-1 алаңында мұнай іздеу жұмыстары басталған. Зерттеулердің нәтижесінде Демиркую-1 алаңында 11,2 миллион баррельдік мұнай табылды.

Сабах газеті «Мұнай рекорды жаңаланды. Экономикаға да үлес қосылды» атты хабарға орын берді. Газеттің хабарына қарағанда  Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Түркия Мұнай Акционерлік Қоғамының биыл мемлекет іші өндірісінде көздеген 50 мың баррельдік деңгейіне жеткенін білдіріп, «Желтоқсан айында да мемлекет іші және шетелде жиыны 150 мың баррельдік өніммен рекорд жаңалады» деді.

Йени Шафак газеті «Түркия 163 ел арасында жұмыс істеу және өмір сүру үшін ең жақсы 7-ші ел болды» деген тақырып қолданды. Газет орталығы Ұлыбританияда болған қаржы ұйымының 163 елдің 18 мыңнан астан шетелдіктердің көзқарастарына негізделген «Expat Explorer» атты зерттеудің қорытындыларын жариялағанын мәлімдеді. Газеттің хабарына қарағанда зерттеу бойынша Түркиядағы шетелдік жұмыс қызметкерлердің 62 пайызының өмір сүру сапасының Түркияда өз елдерінен тіпті жақсы екенін білдірді.

 

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар