Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1326036
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоған: Темір торлар Еуропаны қорғай алмайды» деген хабарға орын берді. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның Түркия босқын жүгін 9 жылдан бері жалғыз көтергенін айтқанын жазды. Газеттің хабарына қарағанда батыстың болса мәселеге тек қауіпсіздік және мүдде аясында қарағанын түсіндірген Ердоған «Батыс елдері темір торларының Еуропаға ұмтылған босқын толқынын тосу сынды қате бір ойға батты. Жерорта теңізіндегі босқын қайықтарын батырды және ол адамдар Жерорта теңізінің суына тұншығып өлді» деген сөздер қолданды.

Стар газеті «Бергер: Еуропа Одағы елдері Түркияны мақтауда» атты тақырып қолданды. Газет Еуропа Одағы Түркия делегациясы төрағасы Кристиан Бергердің Сириядағы мәселелердің шешілуі тақырыбында Түркиямен бірдей көзқараста екенін айтқанына орын берді. Газеттің хабарына қарағанда Бергер «Әрбір Еуропа елі Түркияның көптеген босқынды қабылдағанына ризашылықтарын білдіруде» деген сөздер қолданды.

Хүрриет газеті хабарын «Түрік әуе жолдары Осакаға рейстерін қайтадан бастауда» деген тақырыбымен берді. Газет Түрік әуе жолдарының Жапонияның Осака қаласына қайтадан рейстердің басталатынын мәлімдеді. Газеттің хабарына қарағанда Түрік әуе жолдары Бас директоры Билал Екши твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде «Осакаға 2020 жылы 14 сәуір күнінен бастап аптада төрт рейсті қайтадан бастаймыз» деді.

Ватан газеті «Түркия Ливиямен жасаған келісім арқылы аймақтарда мұнай және табиғи газ іздейді» атты хабарға орын берді. Газет Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмездің Ливиямен келісім жасағанын еске салып, 2020 жылының алғашқы айларында мұнай және табиғи газ іздей бастайтындарын айтқанын жеткізді. Газеттің хабарына қарағанда министр Дөнмез Ливия келісімінің БҰҰ тарапынан бекітілгеннен кейін мұнай іздеу жұмыстарын бастайтынын мәлімдеп, «Мөлшермен 2020 жылының алғашқы айларында осы процесті бастаймыз» деді.

Сабах газеті «Дәстүрлі спорт енді әлем күн тәртібінде» деген тақырып қолданды. Әлем Этноспорт Федерацияның төрағасы Билал Ердоғанның федерацияның жұмыстарын Стамбулда орталығында жалғастырғанын білдіріп, барша әлемде адамдардың дәстүрлі спортқа деген қызығушылықтарын арттырғысы келгенін білдіргеніне орын берді. Газеттің хабарына қарағанда Билал Ердоған «Барша әлемнен осы салада жұмыс істеген мамандардың басын қосудамыз. Қатысты орган және ұйымдармен байланыс жасаудамыз» деді. Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Марокко, Катар, Оңтүстік Америка елдері, Италия және Франциядағы дәстүрлі спорт іс-шараларын қадағалап отырғандарын баяндаған Ердоған «Дәстүрлі спорттар әлем күн тәртібіне келе бастады» деген сөздер қолданды.

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар