Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайлы аймақтық және жаһандық жаңалықтарға орын берген.

1325468
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоған: Түркия әлемде бірінші орында» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Швейцарияда ұйымдастырылған Жаһандық босқындар форумында жасаған мәлімдемеде «БҰҰ мағлұматтарына қарағанда әлемде ең көп босқынға Түркия қонақжайлық жасауда. Қазір 3.7 миллион сириялық барлығы 5 миллионға жақын елді-мекендерінен кетуге мәжбүрленген босқынды күтеміз. Жалпы әлемде 260 миллионға таяу босқын бар. Түркия азаматтары жәрдем тақырыбында ұлттық табысымен теңегенде әлемде бірінші орын алады» деді.

Ватан газеті «АҚШ-тық генерал өз елін сынға алды!» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ-тың бұрынғы Еуроодақ күштері қолбасшысы Бен Ходгес Вашингтон әкімшілігінің Сирия саясатын сынға алып, «YPG террор ұйымы PKK-ның тармағы. Осылар бір-бірінен бөлек деген талпынысқа ешкім сенбеді. Қысқа мерзімді тактикалық мүдделеріміз, ДАИШ-пен күресте ықпалды болғандары үшін бұл ұйымға қолдау беруге шешім қабылдадық. Негізі біздер үшін аса маңызды болған Түркиямен стратегиялық ынтымақтастығымызға үлкен зиян келетінін біле тұрып мұны жасадық» деді.

Сабах газеті «Түрік инженерлер жетілдірді!» тақырыпты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда отандық өндірістің жаңа серпіні қарулы дрон «Songar» (Сонгар) қауіпсіздік күштерінің қолданысына берілді. Отандық мүмкіншілікпен жетілдірілген «Songar» атты 8 қарулы дрон Түрік Қарулы күштері инвентарына қосылды. Қарумен толық қамтамасыз етілген дрондар көгілдір аспанда 20 минуттай ұшады және 5,56 калибрлік автоматы, 200 оғымен қызмет атқарады.

Стар газеті «Алғашқы отандық зымыран осы жазда ұшырылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы құрамында құрылған «Delta V» Ғарыш технологиялары А.Қ. екі жылдан бері жұмыстары жалғасқан алғашқы отандық зымыранды 2020 жазғы маусымында ғарышқа ұшырады. «Delta V» Ғарыш технологиялары А.Қ. бас директоры Ариф Карабейоғлу әлемнің өте ерекше зымыран моторы технологиясын өндіруге жақындағандарын атап, «Алдағы жаз маусымында ғарышқа ұшамыз» деді.

Хүррийет газеті «Түркияның жұлдызы Анадолы арғы ғаламшары Көктүрік болды» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Халықаралық астрономия одағының (IAU) 100 жылдығы іс-шаралары аясында бүкіл әлемде басталған акция шеңберінде Түркияға берілген 'WASP-52' код санды жұлдызға «Анадолы», орбитасындағы ғаламшарға болса «Көктүрік» деген ат қойылды.



Ұқсас жаңалықтар