Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1247888
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Президент Ердоған: Евфраттың шығысына кіреміз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Евфрат өзенінің шығысына операция сигналы берді. Ердоған «Афринге, Жераблусқа, Әл-Бабқа кірдік. Қазір болса Евфраттың шығысына кіреміз. Біз осы ақпаратты Ресей және АҚШ-пен бөлістік» деді.

Сабах газеті «Берілген PKK-лық террористтер: Ұйымға қосылғандар өкінішті» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда қауіпсіздік күштеріне берілгенPKK-лық 2 террорист берген түсініктемеде ұйымның жастарды қатарына қосу үшін әртүрлі уәде, үгіт-насихат, психологиялық ықпал әдістерін пайдалана отырып алдағанын білдірді. Дегенмен ұйымға қосылған жастардың өкінгенін және ұйымның нағыз мақсатын байқаған соң қашуға әрекет жасағанын атап көрсетті.

Хүррийет газеті «Сол елден келгендер рекорд жаңартты! Сандары 1 миллионнан асты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда туризмде биыл рекорд жаңартқан Анталия қаңтар-шілде айлары арасында өткен жылмен салыстырғанда 16 пайыз өсіп, 8 миллион 193 мың 924 шетелдік турист күтті. Осы кезеңде ең көп турист келген елдер тізімінде Ресей бірінші, Германия екінші және Украина үшінші орын алды.

Стар газеті «Атақты миллиардер Джефф Безос люкс яхтасымен Гөджекке аялдады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Амазон фирмасының құрушысы Джефф Безостың Бодрум, Датча және Мармарис Селимийе су айдынында демалды. 'Flying Fox' атты люкс яхтасы Фетхийе Гөджек су айдынында аялдады. Неміс фирмасына тиесілі және күніне 400 мың евро жалға берілгені атап көрсетілген люкс яхтада Безостың демалғаны атап көрсетілді.

Хабер түрік газеті «Чакабей Google тарапынан ұйывмдастырылған Бүкіләлемдік ғылым сыйлығын Түркияға әкелді» атты хабар жариялаған.Хабарға қарғанда Google тарапынан ұйымдастырылған және 120-дан астам елден қатысушысы бар «online» ғылым көрмесі «Google Science Fair»-да жаһандық көлемде таратылған 5 жүлдеден біріне Измирде 11-сынып оқушысы Туан Долмен 'Чакабей' атты  жобасымен қол жеткізді. Долмен жетілдірген ағаш дірілдерін энергияға айналдырған ауылшаруашылығы модулына «Scientific American Innovator» сыйлығы берілді.



Ұқсас жаңалықтар