Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1246651
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті террорлық ұйым ішіндегі үрейдің артқанын жазған.  Түрік Қарулы күштерінің Пенче-1 және Пенче-2 операциялары мен табысты әуе операцияларының нәтижесінде террорлық ұйым PKK/KCK-нің жағдайының қиындағанын жазған. Бұл жағдай террорлық ұйым басшыларының нұсқауларынан көрінетінін білдірген.  Хабарға қарағанда террористтер «Отырған жерден нұсқау берген жеңіл,  келің, сендер істеңдер, көрелік» деп жауап беруде. Ұйым ішінде үрей артып, логистикалық мұқтаждықтар да артты.

 Йени Шафак газеті «Құжат және кадастр бас дирекциясы бес елде өкілдік ашты» деген хабарға орын берген.  Құжат және кадастр бас директоры Мехмет Зеки Адлы «Франция, Бельгия және араб елдері секілді бес елде өкілдік ашамыз.  Басқа елдерге байланысты да жұмыстар жалғасуда.  Енді тұрғын үй сатып алғысы келетіндер Түркияға келмей-ақ үй сатып алуына болады» деді.

Сабах газеті Стамбул-Измир автожолының ашылатынын хабарлаған.  Стамбул мен Измир арасындағы сегіз жарым сағаттық жолды үш жарым сағатқа азайтатын жаңа автожолдың 192 километрлік бөлімі президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен 4 тамыз күні қызметке беріледі.

Ватан газеті «Мейрамхананың түрік  басшысы клиентті аман алып қалды» деген хабар жариялаған.  Ұлыбританияның бас қаласы Лондонда бір мейрамхананың басшысы Джем Джанполат клиентінің тамағында тұрып қалған тамақты бір қимылмен шығарып, аман алып қалды. Джанполат ағылшын баспасөзінде хабарларға арқау болды.

Хүрриет газеті туризм саласынан бір хабарға орын берген.  Хабарға қарағанда,  Каппадокияға келген турист саны 2019 жылдың алғашқы алты айында 1 миллион 250 мыңға жетті.  Каппадокияға ең көп турист Азия елдерінен келеді.  Жылдың аяғына дейін 3 миллион турист келеді деп межеленіп отыр.



Ұқсас жаңалықтар