Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1122000
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Қысқа уақытта қозғаламыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Евфраттың шығысына жасалатын операциямен байланысты «Таяуда Сирия жеріндегі террор ұйымдарын залалсыздандыру үшін қозғаламыз. Осы операциямызға кедергі жасайтын басқа террористтік топтар болса әрине оларға да қажетті шараны қолдану міндетіміз» деді.

Стар газеті «Калын: Ешкім Түркиядан террор ұйымына кепілдік берілуін күтпесін» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын АҚШ президенті Дональд Трамптың Сириядан шегіну шешімін ризашылықпен қарсы алғандарын атап, Евфраттың шығысына жасалатын операция тақырыбында «Сол жердегі күрдтерге қоса жазықсыз адамдардың мүлік пен жан қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында жауапкершілік ең жоғары ел - Түркия. Дегенмен ешкім Түркияның бір террор ұйымына кепілдік беруін, кезкелген себептен оны ақтап заңдастыруын күтпесін» деді.

Сабах газеті «Орыстармен толық майдан координациясы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтонның Сирия тақырыбын қолға алу үшін Анкараға келген кезде Түркия Мәскеумен стратегиялық бір қадам басты. Түрік қарулы күштері орыстармен әскери желі орнатты. Аймақтағы кезеңді координациялық тұрғыдан жалғастыру және байланыс қамтамасыз ету үшін желі арқылы ынтымақтастық механизмін іске қосты.

Хабертүрік газеті «Туберкулезге жол ашатын ген табылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда араларында профессор доктор Тайфун Өзчелик те бар халықаралық бір консорциумтуберкулез микробына қарсы шыдамдылықты жоятын «TYK2» атты генді тапты.

Ватан газеті «Трояда соңғы 10 жылдың келушілер рекорды жаңартылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 1998 жылы ЮНЕСКО-ның «Әлем мұра тізіміне» енген 5 мың жылдық өркениетке қонақжайлық жасаған Чанаккаледегі ежелгі Троя қаласын 2018 жылы 531 мың 530 келуші аралап, соңғы 10 жылдың келушілер рекорды жаңартылды.



Ұқсас жаңалықтар