Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1121294
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Айдында керемет асыл тас табылды» деген хабарға орын берген. Газет Айдынның Дидим ауданы мәдениет және туризмге жауапты басшысы Руми Чатыккаштың өткен жылы қыркүйек айында 26 көгілдір асыл тастың табылғанын, сондай-ақ сол тастардың ішінде  бас тастың үстінде жануар мен адамдардың бейнелерінің болғанын айтқанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда асыл тастарға жасалған зерттеу барысында  бес асыл тастың өте назар аударғанын түсіндірген Руми Чатыккаш «Тасты фотоға түсіріп үлкейткен кезде үстінде жануарлар мен адамдардың бейнелерін байқадық» деді.

Сабах газеті «Экспорт болжамы алғашқы ширекте 5,4 ұпай көтерілді» атты тақырып қолданған. Газет экономика министрлігінің Түркияның алдыңғы қатардағы экспортшы фирмаларының болжамдарын белгілеу үшін жасаған Сыртқы сауда болжам  сауалнама қорытындыларын жариялағанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда осы қорытынды бойынша 2018 жылының төртінші ширегінде 111.6 болған экспорт болжам индексі 2019 жылының алғашқы ширегінде 5.4 ұпай артып, 117 деңгейіне көтерілді және жылдық орташа есеппен 4.5 ұпай артты. 2018 жылының төртінші ширегінде 100.1 болған экспорт болжам индексі 2019 жылының алғашқы ширегінде 5.4 ұпай азайды және 94.7 деңгейінде шегерді, сондай-ақ жылдық орташа есеппен 20.3  азайды.

Хабар Түрік газеті хабарын «Болат экспорты артты» деген тақырыбымен берген. Газет Түркияның шикі болат өндірісінің 2018 жылының қаңтар-қараша кезеңінде өткен жылғы бірдей кезеңмен салыстырғанда 0,5 пайыз артып, 34,4 миллион тоннаға көтерілгенін хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда осы кезеңде болат өнімдері экспорты көлемдік жағынан 19,2 пайыздық артумен 19,9 миллион тоннаға және  құндық жағынан 33 пайыздық артумен 16 миллиард долларға ұласты.

Стар газеті «Түрік теңіз туризмі Германияда танытылады» атты хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда  Түркияның теңіз туризмінде ұсынылған қызметтері мен мүмкіндіктері немістерге таныстырылады. Дюссельдорф қаласында 19-27 қаңтар күндері аралығында 90 елден келген 2 мың қатысушы және 250 мың зияратшыны күтіп алатын Еуропаның ең үлкен теңіз жәрмеңкесіне Түркия да қатысады. Жәрмеңкеде су спорттары, сүңгу туризмі саласында Түркия стандтар ашады.

Хүрриет газеті «Түркияның ең табиғи аквариумы-Гөкпынар көлі» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда Сивастың Гүрүн ауданында орын алған және көгілдір түсімен табиғи аквариум ерекшелігіне ие  Гөкпынар көлі қардың жауымен бірге керемет бір сұлулыққа бөленді. Қалаға 147 шақырым қашықтықта болған Гөкпынар көлі биыл көптеген туристті күтіп алады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар