Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

945678
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Премьер-министр Йылдырым Моңғолияға барды» деген хабарға орын берген. Газет премьер-министр Бинали Йылдырымның Моңғолия және Ауғанстанға аттанар алдында Есенбоға әуежайында күн тәртіпке байланысты мәлімдеме жасады. Газеттің хабарына қарағанда Йылдырым Франция президенті Эммануэль Макронның Сирияның Манбидж қаласына тағы 50 мың әскердің жіберілетіні жайлы пайымдау жөнінде «Біздің сезімталдығымыз белгілі. Мейлі Манбидж болсын, мейлі Евфраттың шығысы болсын террор қаупі болған жағдайда біз күресуден бас тартпаймыз. Күресімізді жалғастырамыз. Кімнің келгені онша маңызды емес» деген сөздер қолданды.

Ватан газеті «Боздағ Телль-Рыфат жөнінде мәлімдеме жасады» атты тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда премьер-министр орынбасары Бекир Боздағ жеке теледидар каналында «YPG/PYD террор ұйымдары Сирияның Африн аймағынан қалай тазаланса, енді Телль-Рыфат аймағынан солай тазаланады» деді.

Йени Шафак газеті хабарын «Челик одақтас киімдерін YPG мүшелерін машықтандырған кезде көргіміз келмейді деді» деген тақырыбымен берген. Газет Еуропа Одағы министрі және бас келіссөз жүргізуші Өмер Челиктің Париждегі сапары аясында Франция сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дрианмен кездескеннен кейін баспасөз жиналыс өткізгенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Челик Түркияның одақтасы болған Франция мен Башар Асадтың көптеген ортақ түйінінің болғанын білдіріп, «Әрқандай бір одақтас әскерінің  киімін YPG мүшелерін машықтандырған кезде көргіміз келмейді» деді.

Ватан газеті «Диярбакырда мұнай табылды» атты хабарға орын берген. Газеттің хабарына қағанда орталығы Австралияда болған Trans Atlantic Exploration Mediterranean International Диярбакырда мұнай байлығының болғанын жариялады. Фирма мұнай шығару рұқсаты үшін дереу өтініш берді.

Хабар Түрік газеті «Қытай миллиард долларлық түрік тендер үшін ақшаны дайындады» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда Қытай алпауыт фирмасы HT энергия фирмасының Түркия бас директоры Робин Шинің жаңалануға болатын энергияға қызыққанын білдіріп «1 миллиард долларлық инвестиция есептедік. Бұны жүзеге асыруды көздеудеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар