Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық жаңалықтарға кең орын берген.

939986
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Террористер шегінбеген жағдайда инициатива қолданамыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында президенттік сарайда жүзеге асқан Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналысының артынан жасалған жазбаша мәлімдемеде бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD/YPG мүшесі террористердің Сирияның Манбидж ауданынан шеттетпеген жағдайда Түркияның инициатива қолданатыны білдірілді. Мәлімдемеде сондай-ақ Ирак мемлекетінің ұйымның Ирактағы жұмыстарының алдын алуы, әйтпесе керісінше Түркияның бұл жағдайды да қолға алатыны атап көрсетілді.

Хүррийет газеті «Йылдырымнан экономика үшін маңызды мәлімдемелер» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда премьер-министр Бинали Йылдырым Бештепе Миллет Мәдениет және Конгресс орталығында Инвестициялық ортаны жақсарту координация кеңесінің таныту жиналысына қатысты. Фирма құруға үлкен жеңілдіктер келтірілгенін атап көрсеткен Йылдырым жаңа фирма құру үшін 2 мың 250 лираның орнына 650 лира жұмсалғанын атап көрсетті. Бинали Йылдырым стратегиялық инвестиция ретінде 128 миллиард лира жаңа инвестициялық қолдауын бекіткенін атап көрсетті.

Стар газеті «Авиацияда отандық өндіріс күші бірігеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның авиация саласында өндіруші елге айналу нысанасы бағытында азаматтық әуе көлігі жобаларында қолданылатын бөлшектер мен технология өндірушілері бір тізімде орын алады. Бұл тізімге қосылмаған мекемелер отандық азаматтық әуе көлігі жобаларында жеткізуші бола алмайды. Тізімге қосылғысы келген фирмалар 15 мамыр күніне дейін алдын ала тіркеле алады.

Ватан газеті «Ақыры нақтыланды, Түркияға келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президенттің қамқоршылығында Анталияда 25-29 сәуір күндері арасында ұйымдастырылатын «Eurasia Air Show» отандық қорғаныс өнеркәсібі фирмаларына қоса шетелден де көптеген қатысушыға қонақжайлық жасайды. АҚШ-сатып алынатын және 2019 жылдан бастап Түрік әуе күштеріне тапсырыла бастайтын F-35 соғыс ұшақтары Түркияда тұңғыш рет «Eurasia Air Show» аясында Анталияның көгілдір аспанында танытылады.

Йени шафак газеті «Үлкен фирма Түркияға көшеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Mondelez International»-дың Франция Санкт-Генесттегі сағыз өндіріс желісі толығымен Түркияға көшіп келеді. Фирманың Түркиядағы бас директоры Ихсан Карагөз көшу жұмыстарының биылдың ішінде жүзеге асатынын, Түркияның өздері үшін аймақтық экспорт орталығына айналатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар