Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

939110
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоған Путинмен сөйлесті» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда,  президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефонда сөйлесті.  Түркия президенті Кемереводағы бір сауда орталығында болған өртте қаза тапқандарға байланысты Путинге көңіл айтты.  Ердоған Ресей халқына да көңіл айтты.  Телефон әңгімесінде сонымен бірге  екі елдің қарым-қатынастары қолға алынды.

Хабер Түрік газеті премьер-министрдің сөздеріне орын берген. Премьер-министр Бинали Йылдырым партиясының жиналысында сөз сөйледі.  Йылдырым экономикалық өсім көрсеткіштеріне байланысты болжамдарды жариялады.  «Бейсенбі күні 2017 жылдың өсім көрсеткіштері жарияланады.  7-7,5 деңгейінде болады. Бұл рекорд» деді ол.

Сабах газеті Дональд Трамп пен Эммануэль Макронның телефон әңгімесіне орын берген.  Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон әңгімесінде Сирия тақырыбында Түркиямен ынтымақтастықты арттыру керектігін айты.

Стар газеті «Түркияның экспорт табысындағы құпия» деген хабар жариялаған.  Түркия көрші елдердегі жағымсыз оқиғалар және жаһандық экономикалық жағдайға қарамастан 2017 жылы 157,1 миллиард долларлық экспорт жүзеге асырды.  Бұл Республика тарихындағы ең жоғары екінші экспорт көрсеткіші болып табылады. Түркияның бес құрлықтағы сауда қозғалыстарында көрме мен жәрмеңкелердің ролі үлкен. Компаниялар бес құрлықта 56 елдегі 263 көрмеде өнімдерін таныстырып,  жаңа ынтымақтастықтар үшін қақпа ашты.

Хабер Түрік газеті «Туризмде рекорд болуы мүмкін» деген хабарға орын берген. Анталия сауда және өнеркәсіп палатасы төрағасы Давут Четин жылдың алғашқы үш айында турист санының 30 пайыз артқанын білдірді. «Осылай жалғасатын болса, туризмде рекорд болады» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар