Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық жаңалықтарға орын берген.

925308
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған Руханимен сөйлесті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған ирандық әріптесі Хасан Рухани телефон шалды. Әңгіме барысында Шығыс Гутадан бастап Сириядағы соңғы жаңалықтар қолға алынды. Ердоған және Рухани Шығыс Гутадағы трагедияның жойылуы үшін атысты тоқтатудың жылдам іске қосылуын жылдамдату тақырыбында келісті.

Стар газеті «Араңдатушы әрекеттерді жауапсыз қалдырмаймыз» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда премьер-министр Бинали Йылдырым мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасы премьер-министріТуфан Эрхүрман кездесулердің артынан баспасөз жиналысы өткізді. Премьер-министр Йылдырым «Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасына қолдауын жалғастырады» деді. Жерорта теңізіндегі бұрғылау дағдарысымен байланысты сөз алған Йылдырым «Араңдатушы әрекеттерді жауапсыз қалдырмаймыз» деді.

Хабертүрік «Әлем тәртібі атты деректі фильмде сөйлеген Путиннің Түркия жайлы сөздері» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда 2018 жылы Әлем тәртібі атты деректі фильмде сөйлеген Ресей президенті Владимир Путин Түркиямен қол қойылған келісімдердің ықпал еткенін атап айтты. Путин «Аймақ елдері арасындағы ынтымақтастықтар қаншалықты қиын болса да, Түркия және Иранмен келіссөз үстеліне отырып, кейбір келісімдердің кепілі болдық. Осы келісімдер қазір мақсатына жете бастады» деді.

Хабертүрік газеті «Үйдің ірге тасы үшін қазбалады, жартастан молалар тапты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Муғланың Бодрум ауданында жерді қазбалаған бір құрылыс фирмасы ғимарат салу үшін қазбалаған жерден жартас молалар шықты. Хеллен немесе бұрынғы Рим кезеңіне тиесілі екені болжалған жартас молаларымен байланысты нақты мағлұматтардың құтқару қазба жұмыстар аяқталған соң анықталмақ.

Ватан газеті «Түрік қарулы күштері үшін робот жобасы жетілдіреді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік қарулы күштерінің террормен күрес операцияларындағы шығындарын азайту нысанасымен «робот әскер» жобасы жетілдірілмек. Қорғаныс өнеркәсібі кеңесшілігі тарапынан жарияланған жарнамада «Жаңа әлемнің адамсыз және автономды технологияларын келіңдер бірге жетілдірейік. Қорғаныс өнеркәсібі кеңесшілігі университеттер және жекеменшік сала ынтымақтастығымен робот әскерлер үшін алғашқы қадамды басуда. Сіздер де өтініш беріңдер. Бұл жобаны бірге іске асырайық» делінді.



Ұқсас жаңалықтар