Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

921358
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Түріктердің Африкада істеген жұмастарына француздар таң қалуда» деген хабарға орын берген. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның Түркия-Сенегал Бизнес Форумында баяндама жасағанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Ердоғанның Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олландпен байланысты айтқан әңгімелері назар аударды. Сенегалда әуежайының түріктер тарапынан қысқа уақыт ішінде салынуына мақтаныш сезінгенін түсіндірген Ердоған «Құрметті Олланд бұл жердегі бір жиналысқа қатысу барысында «Бұл жерді француз мердігерлері салды ма?» деп сұрайды, сонда  барлығы бір ауыздан «Жоқ, бұл жерді түрік мердігерлері» салды деген жауап береді. Бұл жауапқа Олланд таң қалады. Францияның қазіргі президенті Эммануэль Макрон да әуежайды түріктердің салғанын аңғарғанда таң қалды» деген сөздер қолданған.

Ватан газеті «Америка Құрама Штаттары YPG тақырыбында уәделерінде тұратынына байланысты мәлімдеме жасады» атты тақырып қолданған. Газет АҚШ-тың жоғарғы бір лауазымы АҚШ-тың Түркияға берген уәделерінде тұратынын айтқанын жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда АҚШ-тың жоғарғы бір лауазымы бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Сириядағы жалғасы PYD мен YPG-ның Сирияның Манбидж қаласынан шегінуіне байланысты берген уәделеріне орай «Манбиджтегі YPG мүшелеріне байланысты берілген уәделерді орындауға бекем байладық. Мақсатымыз ол жерде YPG-ның болмауы» деді. Түркия мен АҚШ арасында нәтижеге негізделген ортақ механизмнің жалғасуы екенін білдірген лауазым Африн операциясына байланысты Түркияның қауіпсіздігінен алаңдағандарын айтты.

Сабах газеті хабарын «Біз 5G-ге өтетін алдыңғы қатардағы ел боламыз» деген тақырыбымен берген. Газет Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Ахмет Арсланның Испанияның Барселона қаласында ұйымдастырылған GSMA жәрмеңкесіне Түркияның қатысқанын айтқанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Ахмет Арслан Түркияның GSMA жәрмеңкесіне Түркияның қатысқанын білдіріп, «Біз 5G-ге өтетін алдыңғы қатардағы ел боламыз» деді.

Хабар Түрік газеті «Түркияға биыл көп еуропалық туристтер келеді» атты хабарға орын берген. Газет Түркия Қонақүйлер Одағы төрағасы Тимур Байындырдың 2018 жылы басында Голландия және Испаниядағы жәрмеңкелерге қатысқанын, сондай-ақ Еуропа нарығынан болымды сигнал алғандарын хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда  Байындыр Түркия Қонақүйлер Одағының дәстүрлі бас қосу бағдарламасындағы баяндамасында «Түркияға келген шетелдік турист саны қаңтар айында  38,48 пайыз артты. Осы артумен турист санының 1,46 миллионға көтерілуі сектор тұрғысынан болымды бір жаңалық» деді. Байындыр әлемге әйгілі анализ фирмасы STR-дің Түркия Қонақүйлер Одағы үшін дайындаған «2018 жылғы қаңтар айындағы мемлекет перформансы» атты рапортына қарағанда Түркияның Еуропа елдері арасында ең тез арту болған елдер қатарында болғанын айтты.

Йени Шафак газеті «Ресей егін өнімдерін тағы да Түркиядан алады» деген тақырып қолданған. Газет Ресейдің Түркиядан қызыл бұрыш, баклажан, қырыққабат және анар сынды көкөністер алатынын білдірген.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар