Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға олрын берген.

920658
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «PKK/PYD-YPG құрылымы Афринде қирады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Алжирде журналисттерге мәлімдеме жасады. Бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-YPG және ДАИШ-тің басқыншылығындағы Сирияның Африн аймағында 540 шақырымдық алаңның террористтен тазаланғанын атап көрсеткен Ердоған «Сол жерде PYD/YPG құрылымы қирады. Қиын аймақтан астық, жеңіл аймаққа кіреміз. Жарты ай болып қоршап алдық. Енді шекараларымызға қауіп төндіру рискі жойылды. Бұл армиямыздың жұмыстарын одан да жеңілдетеді» деді.

Сабах газеті «Балалардың қанішері - YPG» атты хабар жариялады. Хабарға қарағанда Сирияның Африн аймағында Зәйтүн бұтағы операциясында қысылып қалған бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Сириядағы тармағы PYD-YPG PKK/YPG мүшесі террористтер бейбіт адамдарды жанды қалқан болып қолданғанда, өздеріне қолдау бермегендерді аямай өлтіруде. Бұл жағдай барлау бөлімшелері тарапынан дайындалған 25 беттен тұратын рапортпен ортаға шықты. Жергілікті ақпарат көздері Еркін Сирия армиясы мен Түрік қарулы күштері мүшелерінен растап дайындалған рапортқа қарағанда ұйым түрік әскері тазалаған біреуі аудан орталығы, 75 ауыл, 6 ауыл маңындағы тұрғын аймағында 7 мен 13 жасар 211 баланы қырды. Өздеріне қолдау бермегені үшін айыпталған араларында әйелдер мен қарттар да бар 417 жазықсыз адамды өлтірілген.

Стар газеті «Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан(СKTР) Еуроодаққа ескерту» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда СКТР Сыртқы істер министрлігі Кипр түрік тарапы мен Түркияны елемей понтилерге берген қолдауменЕуроодақтың кипрлық түріктердің назарындағы абыройын одан да түсіргенін мәлімдеді. Министрлік жасаған жазбаша мәлімдемеде Еуроодақ Кеңесі төрағасы Дональд Тусктың Кипр түрік тарапының ризашылығымен Түркияның Шығыс Жерорта теңізінде жалғасқан болмысы мен жұмыстарын тоқтату жөнінде жасаған шақыруының аймақтағы шындық және халықаралық құқықпен ұйқаспайтыны атап көрсетілді. Мәлімдемеде Тусктың бұл ұстанымының Шығыс Жерорта теңізіне ең ұзын жағалауы бар Түркия Республикасының құқығын «жоқ» деп санау бастамаларын қабылдамайтынын атап, Еуроодақтың бұрын болғандай қазір де Кипр түріктері мен олардың заңды құқығын ұмытуға және байқаусыз қалдыруға тырысқаны атап көрсетілді.

Ватан газеті «Түрік туризмі үшін керемет жаңалық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік туризм саласы 2018 жылды жылдам бастады. Қаңтар айында турист саны 1,5 миллионға жақындап, рекорд жаңартты. Германияда брондауды екі есе арттырса, қонақүйлер 28 пайыз толып, табыстар 10 пайызға өсті. 2017 жылы қаңтар айында 1 миллион 55 мың 474 болған турист саны 2018 жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда, 38 пайыз артты. Бұл көрсеткіш қазірге дейінгі ең жоғарғы қаңтар айы көрсеткіші ретінде тіркеліп, 2015 жылғы көрсеткіштерді жаңартты.

Хабертүрік газеті «Түркия Чемпиондар лигасына екі контингент алды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда УЭФА жасаған мәлімдемеге қарағанда Чемпиондар лигасы және Еуропа лигасы ширек финалға көтерілгендердің анықталуымен елдердің ұпайлық тізімі де жаңарды. Алғашқы төрт команда арасында орын алған Испания, Германия, Ұлыбритания және Италия, УЭФА тізімінде алғашқы 3 ел арасында орын алғандар 2018-2019 маусымында Чемпиондар лигасына төрт төрттен клубпен қатысады. 4-ші орынды алатын елге қоса 5-ші Франция мен 6-шы Ресейден болса үш үштен команда Еуропаның клубтар деңгейіндегі нөмір бірінші турниріне қатысу мүмкіншілігіне қол жеткізеді. 7-ші орын мен 10-шы орын арасында тізбеленген елдер арасында Португалия, Украина, Бельгия, Түркия болса екі екіден командалармен Чемпиондар лигасына барады.



Ұқсас жаңалықтар