Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі маңызды жаңалықтарға орын берген.

706885
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Ердоған: Еуроодақтың жасанды өмір салты қирауда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Еуроодақта құрылған жасанды өмір салтының қирай бастағанын, орташа жасы 43-ке келген Еуроодақтың жастарды жұмыспен қамтамасыз етуде қиналғанын атап көрсеткен Ердоған «Бізді экономика, виза жеңілдігі және сауда қарым-қатынастарымен қорқытқандар алдымен бұрылып өздеріне қарасын. Жағдайлары онша емес.Мұны жасаған кезде табысы азайған, қарыздары өскен және сауда көлемі кішірейген, инвестициялық жағдайы нашарлаған, жұмыссыз саны артып отырған, қартайған бір Еуроодақ көреді. Міне сол кезде кімнің кімге мұқтаж екені байқалады» деді.

Йени шафак газеті «Жылы бір жаз маусымына дайын болыңдар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның өркендеп, өсуін қаламағандардың әрқашан террор ұйымдарын пайдаланғанын атап айтты. Ердоған «Опасыз күштер бір кездері «Асала» атымен бір ұйым ортаға шығарған болатын. Жұмыстары аяқталған соң PKK, PYD, YPG, DHKP-C деген террор ұйымдарын асырап өсірді. Бұлардың күші жетпеген кезде Фетуллахшы террор ұйымы (FETÖ) сатқындар тобын коректендірді. Сирия мен Иракта күресеміз дегендері ДАИШ террор ұйымын бізге бағыттады» деді. Түркияның террормен табысты түрде күрескенін атап көрсеткен президент Ердоған «Әл-Баб операциясы аяқталды. Джераблус, Раи мен Дабык азат етілді. Жолымызды жалғастырамыз. Қазір нысанада Мүнбич бар. Террор ұйымдарын қолданып, бізді бағындыратындарын ойлағандар жылы бір жаз маусымына дайын болсын» деді.

Сабах газеті «Қызыл бюллетенмен іздеу салынған ПКК-лық террористке Германия азаматтық берген» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 1988 жылы Оңтүстік Шығыс Анадолы аймағында екі мектепті өртеп, қастандықтар жасағаны үшін Қызыл бюллетенмен іздеу салынған ПКК-лық террорист Джелал Караиптер 3 аралдан құралған Ұлыбританияға қарасты кішкентай мемлекет Кайман аралдарына барған жолаушы кемесінен түскен кезде тергеуге алынды. Террористтің Германия азаматы екені байқалды. Неміс жұбайымен бірге турист ретінде келген террорист Германия паспортына ие болса да ол туралы террорист екені үшін тұтқындау үкімі бар. Қазір террористтің Түркияға қайтарылып қайтарылмайтыны белгісіз.

Ватан газеті «Түркияның Сирия тақырыбындағы пидақорлығы Еуроодақты ұялтады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Асад режимінің химиялық қарумен жасаған шабуылына наразылықтар жалғасуда. Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Борис Джонсон елі мен АҚШ-тың 2013 жылы Сирияда химиялық қару қолданысына үнсіз қалғанын еске салып, «Баршаға мәлім, бүгін мұның нәтижесін көріп отырмыз. Сирия халқы сол шешімнің нәтижесімен өмір сүруде» деді. Германия Сыртқы істер министрі Сигмар Габриэль болса «Түркия босқындарды қабылдаумен тек қана керемет бір жұмыс істемеді. Кейде Еуропадағы пікірталастарға қарап ұяламын» деді.

Стар газеті «Асадтың химиялық қару шабуылының артынан Анкара қозғалды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анкара кеше БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс жиналысы алдында мамандардың бағалауы және куәгерлердің түсініктемесінен тұратын рапорты БҰҰ-на жедел түрде жеткізді. Рапортта Сирияның Идлиб қаласындағы химиялық қару шабуылында қаза тапқандар санының 72-ге өскенін білдірді. Түрік лауазымдылар шабуылдың артынан Сирия режимінің 2 дана SU-22 соғыс ұшағының шабуылды жасалғанын анықтады. Анкара алғашқы көрсеткіштердің хлор газы екенін атап көрсетсе, батыс хабар агенттіктері қолданылған газдың зарин екенін жазды.



Ұқсас жаңалықтар