Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

660411
Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік Газеті «Түркия мен АҚШ қарым-қатынастарын жақсартуымыз керек» деген хабарға орын берген.  Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның үш елді қамтыған Шығыс Африка туры аяқталды. Газет         Ердоғанның Шығыс Африка елдеріне жасаған сапардың экономикалық қарым-қатынастармен қатар Фетуллахшы террор ұйымымен күресу тұрғысынан да өте маңызды екенін айтқанын жеткізген. Газеттің хабарында           Түркия мен Америка Құрама Штаттары қарым-қатынастарына да тоқталған Президент Ердоған жаңа Президент Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескенін, бұдан кейін тез арада бетпе-бет көрісетінін айтты.          Ердоған Түркия-АҚШ қарым-қатынастарының стратегиялық ортақ екенін түсіндірді. Ердоған «Орташығыста қарым-қатынастарын жақсартуымыз керек. Екі НАТО еліміз. Бірақ Орташығыс мәселесінде екі НАТО еліне үйлесетін бір селбесуде болғанын айта алмаймын» деді.

 Сабах газеті хабарын «Грекия тарихи опасыздық жасады» атты тақырыбымен берген. Газет Фетуллахшы террор ұйымының 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінен кейін әскери тікұшақтарымен Грекияға қашқан 8 төңкерісшіл жөнінде шешім жасағанын хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда Грекия жоғарғы соты 15 шілде күні белсенді түрде рөл атқарған Фетуллахшы террор ұйымы мүшелерінің «Түркияға қайтарып беру» талабын қабылдамады. Түркия Сыртқы істер министрлігі Грекияға қатал наразылық көрсетті. Мәлімдемеде «Бұл террористтер Демократия жүйені нысанға алған және 248 азаматымызды шәйіт еткен. Террористтердің түрік соты алтында сұраққа тартылуы керек. Грекияның шешіміне протест етеміз» делінді.

Ватан газет «Қақаған аязда операция» деген хабар қолданған. Газет түрік әскерінің Түркия-Ирак-Иран шекарасының түйінінде «шайтан түйіні» деп аталған түйіндегі Миргесав базасында қақаған аязда операция жасағанын жазған. Газеттің хабары бойынша өте қиын шарт жағдайда міндет атқарған әскерлер қалың қардан өтіп, былықпалы аймақтарды оқтың астынан алуда. Түрік әскерлері КПП террористтердің өтуіне рұқсат бермеуде.

Стар газеті «Үкімет Дарданелге инвестиция салуда» атты хабарға орын берген. Газеттің хабарында барлық қиыншылықтарға қарамастан түрік үкіметі Осман Гази және Яуыз Сұлтан Селим көпірі мен Еуразия және Ылгаз түрел сынды алпайыт жобаларды жұмысқа қосты. Сонымен қатар жаңа жобалар үшін қадам басты.  1915 Дарданел көпірін де қамтыған Кыналы-Текирдағ-Дарнанел-Саваштепе автожолдарының 101 шақырымдық Малкара-Дарнанел бөлімінің тендері кеше жасалды.

Хүрриет газеті «Жақсартқан Фестиваль» деген тақырып қолданды. Газет 16-шы Стамбул тәуелсіз фильмдер фестивалының биыл «Жақсартқан нәрселер» атты тақырыбымен өткізілетінін жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда 34 елден  146 режиссердің жиыны  126  фильм қойылатын фестивал 16-26 қаңтар күндері аралығында Стамбулда,  2-5 наурыз күндері аралығында да Анкара мен Измирде өткізіледі.

 


Этикеттер: #АҚШ , #Иран , #Грекия

Ұқсас жаңалықтар