17.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

393437
17.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті хабарын «Үлкею үшін әйелдердің үлестері керек» деген тақырыбымен берді. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның кезекті төрағасын Түркия атқарған Үлкен 20 саммиті аясында Стамбулда тұңғыш рет ұйымдастырылған W-20 саммитіне қатысқанын жазған. Хабарда Ердоғанның жасаған баяндамасында «Үлкеюге мұқтаж сезінген бір кезеңнен өтудеміз. Үлкею үшін әйелдердің үлестері өте маңызды» дегеніне орын берілген.


Ватан газеті «Түркиядан Солтүстік Кипр Түрік Республикасына дәрмен суы барады» деген тақырып қолданған. Газет әлемде тұңғыш рет теңіз астынан аспалы құбыр жүйесімен Мәрсиннен Солтүстік Кипр Түрік Республикасына су жеткізілетін құбырдың бүгін Президент Режеп Тайып Ердоған мен премьер-министр Ахмет Давутоғлұның қатысатын рәсіммен ашылатынын жариялаған. Хабарда Солтүстік Кипр Түрік Республикасының 50 жылдық су мұқтажын қамтамасыз ететін «ғасырдың жобасының» біткенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда әлемде тұңғыш болу өзгешелігіндегі жоба көптеген елге де үлгі болды.


Стар газетінің «Türksat 4B серігі ұшырылды» атты хабарында Түркияның 2019 жылына дейін ғарышта бір флот құру нысанасына бір қадам жақындағанын хабарлаған. Газет Türksat 4B серігінің Түркия уақытымен сағат 23,40-та Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылғанын жеткізген.


Хүрриет газетінің «Асад режимі Ресей мен Иранның қолдауында Халеб операциясын бастады» деген хабарында Сирияда режим армиясы Ресей және Иранның қолдауында оппозиционерлерді Халебтен шығару үшін жоспарлағанын операциясын кеше бастағанын жариялаған.


Йени Шафак газеті хабарын «Кайсеринің сауда парасаты әлем құжатына енді» атты тақырыбымен берген. Газет Кайсери Күлтепе ежелгі тарихи орнынан шығарылған және Анадолы тарихын бастаған жазба деректерді қамтыған Күлтепе қазба деректері ЮНЕСКО Әлем парасаттар тізіміне тіркелгенін жазған. Хабарға қарағанда Анкара университеті тіл, тарих және география факультеті мұғалімі және Күлтепе қазба тобы төрағасы профессор Фикри Кулакоғлұ «25 мыңға тарта Күлтепе қазба деректері тек Анадолы тарихы емес, Месопотамия және Сирияның да тарихын жарыққа шығаруда» деді.


Хабартүрік газеті «Әлемде 1,5 миллиард, Түркияда 6,5 миллион адам мобиль қолдануда» деген тақырып қолданған.

 



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар