13.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер бүгінгі маңызды жаңалықтарға орын берген.

391550
13.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Хүрриет газеті «Террор құрбандары жерленді» деген тақырып қолданған. Анкарадағы «Еңбек, бейбітшілік және демократия» митингіне жасалған қос бомбалы шабуылдың құрбандары кеше Түркияның түкпір-түкпірінде соңғы сапарларына шығарып салынды. Көз жасы сел болған рәсімдерде террорге лағынет оқылды. Анкара лаңкестігінің құрбандарының бірі 9 жасар Вейсел Атылған әкесі Ибрахим Атылганмен бірге Батманда жерленді. Оның Анкарадағы мектебінде болса қайғы басым еді. Сыныптастары тақтаға «Бейбітшілік әкелуге кетіп еді, Вейсел әрдайым 9 жасында» деп жазды.
Хабер Түрік газеті де Түркиядағы азаға орын берген. Анкарадағы лаңкестіктен кейін Түркияның барлық жерінде жүз мыңдаған адам 97 құрбан үшін көшеге шықты. әрбір қалада террорге ашу, қайғы бар еді. 1 миллион мүшесі бар түрлі кәсіподақтар басшылығында қызметкерлер жұмысқа шықпады. Бүкіл Түркиялаңкестік болған сағат 10,04-те террор құрбандарын үнсіз еске алды.
Йени Шафак газеті «ДАИШ-ті Түркияға кіргізу жоспары» деген хабарға орын берген. Сирия қайта құрылып жатқан кезде араға кірген Ресей ДАИШ-ті Асад пен PYD арқылы Түркияға итеруді жоспарлауда. Ресей ДАИШ-ті Түркия шекарасына кіргізіп, Асадқа қарсы шыққан Түркияға ДАИШ-ті бәле қылғысы келеді. Сонымен бірге «ДАИШ террористтері Сирияға Түркия арқылы келді» деп Түркияны қиын жағдайға тастауды жоспарлап отыр.
Ватан газеті Патриарх мектепте»деген хабар жариялаған. Фенер понти патриархы Барталамеос 40 жылдан кейін 28 қыркүйек күні қайтадан ашылған жеке меншік Гөкчеада понти орта мектебі мен лицейіне барды. Тепекөйдегі орта мектепте 5, лицейде 6 оқушысы бар мектепке барған патриарх діни жиынға қатысты.
Стар газеті болса экономика саласынан бір хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Жоғары жоспар кеңесі шағын және орта мөлшердегі кәсіпорындарды жетілдіретін 4 жылдық іс-қимыл жоспарын дайындады. Жоспарға қарағанда алдымен өндіріс саласындағы кәсіпорындарға қолдау беріліп, несие арналары ашылады. Осылайша 2018 жылға дейін 3 миллион адам жұмысқа орналастырылады.
Сабах газеті қайтыс болған атақты түрік актерге арнап хабар жариялаған. 22 жылдың бір телебағдарламамен танылса да, театрдағы шығармашылығын 1964 жылы бастаған комедия шебері Левент Кыржа 67 жасында дүниеден озды. Кыржа бүгін түсте Стамбулда жерленеді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар