12.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

391439
12.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газетінің хабары «Арқаларында хикаяларын қалдырды» деп аталады. Хабарға қарағанда Түркияның түкпір-түкпірінен келіп, бейбітшілік митингі үшін Анкарада басқосқан азаматтарды нысанаға алған лаңкестік шабуылда қаза тапқандар жерленуде. Кейбіреулері кәсіподақ қызметкерлері, кейбіреулері құрылыс жұмысшысы немесе студенттер болатын. Араларында 9 жасар бала да бар еді, 3 баласы бар әкелерде. Қанды террор шабуылының 97 құрбанынан 91-інің мәйіттері кеше жанұяларына өткізілді. Жаназалар көз жастарымен жерленді. Құрбандардан артқа хикаялары мен әлеуметтік парақшалардағы «бейбітшілік» жолдамалары қалды.
Йени шафак газеті «Іскер әлемінен террорға қарсы ортақ наразылық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анкарадағы террор шабуылдарының артынан Түркия қайғырды, анкаралық іскерлер болса ортақ мәлімдемемен террорды қатаң түрде айыптады. Жараларды дауа ретінде бірлік пен ынтымақтастыққа шақырған іскерлер «Алданбайық, баршамыз бауырмыз» деп шақыру тастады.
Хабертүрік газеті «Митингтерде террорға қарсы жаңа шаралар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анкарадағы лаңкестіктің артынан қатысушылардың митинг алдында басқосатын «жиналу алаңдары» болмайды. Азаматтар енді тікелей митинг алаңдарына барады, шерулер ұйымдастырылмайды. Заңдық реттеу жасалғанша Полиция басқармасы қауіпсіздік шараларын қабылдайды. Террор шабуылдарының алды алынады.
Ватан газеті «Түркия қосылған келісім ‘инвестиция’ тартады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Американ фирмалары қоғамы төрағасы Серра Акчаоғлу ТрансАтлант Сауда және инвестиция ортақтығы келісімінің маңызына назар аударып, «АҚШ фирмаларының 70 пайызы Түркия да қосылған бір келісімнің Түркияға одан көп инвестиция салынатынын ойлайды» деді. Акчаоғлу қоғам өкілдік жасаған 135-тен астам АҚШ-тық фирманың назарында Түркияның шоқ жұлдызға айналғанын атап айтты. Акчаоғлу «Мықты макроэкономикалық көрсеткіштері, демографиялық ерекшеліктері, жас, сапалы және бәсекелес жұмыс күші, үлкен ішкі нарығы және жетілген инфрақұрылымымен назар аударған Түркия аймақтық орталыққа айналу күші жоғары бір ел» деді.
Стар газеті «Еуропаның үздік 5-ші тема паркі сыйлығы ‘Vialand’-қа" атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлемге әйгілі тема паркі «Vialand» әлемнің белгілі парктерін артта қалдырып, «Еуропаның үздік 5-ші тема паркі» ретінде сайланды. Kirmes&Park Revue журналы тарапынан сыйлық алуға лайықты табылған Vialand, 800 парк арасында осы абыройлы сыйлықты иеледі. Vialand Бас директоры Толга Алишоғлу «Бұл сыйлық Түркияның ойын-сауық туризмі саласында танылуы және таңдалуы тұрғысынан аса маңызды» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар