11.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

352668
11.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газеті «Түркияға тұзақ – бейбітшілікке екі бомба» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ПКК басшысы Мурат Карайыланның «елде қан төгеміз» деген қорқытуынан 13 күн өткен соң Түркия тарихындағы ең үлкен террор шабуылымен шайқалды. 7 маусым сайлауы алдында Диярбакыр қаласында, сайлаудың артынан болса Суручта жоспарланған қанды сценарий 1 қараша сайлауына санаулы күн қалғанда бас қала Анкарада сахнаға қойылды. Елдің бірлік пен ынтымақтастығына бағытталған бомбалы шабуылда алғашқы мағлұматтарға қарағанда 95 адам қаза тапты, 48 ауыр күйде 246 адам жарақат алды. Қанішерлер шабуылда бұрынғы Анкара вокзалының алдындағы Бейбітшілік митингі үшін жиналған жазықсыз адамдарды нысанаға алды.
Йени шафак газеті «Террорға қарамастан мың инвестор кезекте тұр» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда артып отырған террор оқиғалары Оңтүстік шығыстағы сенім мен тыныштықты бұзғанына қарамастан инвесторлардың аймаққа деген қызығушылығы жалғасуда. GAP (Оңтүстік Анадолы Жобасы) Аймақтық өркендеу басқармасы төрағасы Садреттин Караходжагил Өнеркәсіп аймақтарына (OSB) инвестиция салғысы келген және орын күткен мың инвестор бар екенін жариялады. Шешім үдерісі мен тыныш ортаның бұзылуының болымсыз көріністерінің туризм саласына әсер еткенін атап айтқан Караходжагил «Шетелден маңызды инвесторлар келе бастады. Әрі бірнеше әлемге танымал қонақүй, әрі өнеркәсіпшілер келді. Өнеркәсіп аймақтарымыз толып, оларға жаңалары қосылды. Бұл маңызды инвестициялық өсу тұрақтылықпен қамтамасыз етілді» деді.
Стар газеті «Газда уәдесін орындамаған Ресейге қарсы төрелік сот жолда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ресейдің табиғи газда жаңа жылда жариялаған 10.25 пайыз көлеміндегі жеңілдіктің жасалмауы экономикалық басқаруды қозғады. Түрік ағымын сылтауратып, бағаны түсірмеген Ресейге қарсы «төрешілік сот» күн тәртіпке келді.
Хүррийет газеті «Міндетіміз Белек!» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 15-16 қараша күндерінде Анталияның Белек ауданында ұйымдастырылатын Үлкен-20 елдері саммиті үшін аймаққа әлем басшылары келеді. Белек қараша айында әлемнің ең мықты қорғалған жеріне айналады. Түркия кезекті төрағалық жасаған Үлкен-20 елдері саммиті аясында АҚШ президенті Барак Обамадан Германия канцлері Ангела Меркельге, әлем басшыларын күтетін аймақтың ультра люкс қонақүйлері ‘first class’ қонақтар үшін қозғалды. Белекте басшылар қонатын қонақүйлер анықталды. Қонақүйлердің бағалары болса 2 мен 30 мың лира арасында өзгереді.
Миллийет газеті «Киетін жүрек батареясы жетілдірілді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Массачусетс Технология институтында қызмет еткен доктор Жанан Дағдевирен, бірінен соң бірі табыстарымен назарларды аударды. Соңғы рет Гарвард Университеті тарапынан ‘Жас Академия мүшелігі’ сайланған тұңғыш түрік текті Дағдевирен биылдың басында Форбес (Forbes) журналының «30 жастан кішкентай 30 ғалым» тізіміне де кірді. Әдеттегі жағдайда 5-7 жылына бір рет ауыстырған жүрек батареяларын мерзімсіз қылған Дағдевирен 5 жасынан бері осы кезді қиялдайтын. «Әлі 5 жаста атамнан жүрек жеткіліксіздігі себепті айырылдым. Сол күні 28 жасқа дейін жүрек жеткіліксіздігі бар адамдар үшін бір нәрсе жасауға талпындым» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар